Ақтауда «DIGITAL START: AI • Smart • Future» облыстық форумы өтті

Ақтауда «DIGITAL START: AI • Smart • Future» облыстық форумы өтті

Ақтау қаласында Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің базасында «DIGITAL START: AI • Smart • Future» атты облыстық форум өтті. Іс-шара 2026 жыл – Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жылы аясында форум ұйымдастырылды.

Форум Маңғыстау облысы білім басқармасы мен облыстық техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім беру саласында цифрлық трансформацияны ілгерілету, Smart College экожүйесін дамыту, студенттердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және білім беру мен өндіріс арасындағы технологиялық интеграцияны нығайту. Іс-шараға білім басқармасының өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, IT мамандары, педагогтер, сарапшылар мен студенттер қатысты.

Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің басшысы Айнагүл Жұмағалидің айтуынша, форумның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы жариялаған цифрландыру және жасанды интеллект бағытындағы бастамаларды қолдау.

-Форум аясында колледжді цифрлық трансформациялау жұмыстары және оны одан әрі дамыту жолдары таныстырылды. Сонымен қатар, «Tech Horizons: Болашаққа көзқарас» тақырыбындағы кәсіби көрме ұйымдастырылып, студенттер мен педагогтердің цифрлық жобалары, робототехника және автоматтандыру бағытындағы әзірлемелері таныстырылды, – деді Айнагүл Жұмағали.

Сонымен қатар, «AI синергиясы – технология мен адам әлеуетінің бірлігі», «AI in Education: Оқытудағы жасанды интеллекттің педагогикалық әлеуеті», «Өндірістегі жасанды интеллект: Энергия, қауіпсіздік, өнімділік» тақырыптарында арнайы шақырылған спикерлердің келуімен keynote және педагогикалық оқытулар мен шеберлік сағаттары өтті.

Форум қорытындысында қатысушылар білім беру жүйесіне жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу, кадр даярлау сапасын арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.