
Аталған семинарға Мұнайлы, Маңғыстау және Қарақия аудандарындағы мектептердің кәсіби бағдар беруге жауапты мамандары шақырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – мектеп пен колледж арасындағы өзара байланысты нығайту, оқушыларға кәсіби бағдар берудің тиімді жолдарын талқылау және тәжірибе алмасу болды.
Семинар барысында Маңғыстау облысы білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Раушан Мұқанова сөз сөйлеп, техникалық және кәсіптік білім берудің мүмкіндіктері, студенттерге ұсынылатын бағыттар мен болашақтағы еңбек нарығындағы сұраныс жайында кеңінен баяндады.
Сонымен қатар, семинарға кәсіби бағдар беру және «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні аясында тәжірибе алмасу мақсатында мансап және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Тәлімгер» өңірлік әдістемелік орталығы қатысты.
Орталық жетекшісі Зейнеп Тастемирова семинардың ашылуында кәсіби бағдар мен кәсіпкерлік құзыреттерді дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Семинар аясында спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, мазмұнды баяндамалар жасады:
– Алтынай Талғатбекова Talimger жобасы шеңберінде «Bolashak Me» платформасын кәсіби бағдар берушілерге арналған тиімді көмекші құрал ретінде таныстырды;
– Майя Исмагулова оқушылар арасында кәсіпкерлік құзыреттерді қалыптастыру жолдарын ұсынды;
– Айгүл Таджикова «Ішкі компас – мамандыққа апарар жол» тақырыбында баяндама жасады;
– Гүлшат Сдыкова қаржылық сауаттылық пен «Babyskills» бағдарламасының маңыздылығына тоқталды;
– Анар Токбаева жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде тиімді пайдалану тақырыбында ой қозғады.
Семинар барысында колледж бен мектептер арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды.
Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Сондай-ақ семинардың басында қонақтар колледж базасымен танысып, өндірістік шеберханалар мен шебер сыныптарға қатысты.
Аталған семинар кәсіби бағдар беру жүйесін жетілдіруге, мектеп пен колледж арасындағы байланысты күшейтуге және болашақ мамандарды даярлауда бірлескен жұмысты дамытуға маңызды алаң болды.
#маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы