Маңғыстаулық балалар омбудсмені оқушылардың мүддесін республикалық деңгейде қорғайды

Маңғыстаулық балалар омбудсмені оқушылардың мүддесін республикалық деңгейде қорғайды

Елімізде мектеп парламенттері мен балалар қозғалысы көшбасшылары арасынан балалар омбудсмендерін сайлау өтті. Нәтижесінде Қазақстанның барлық өңірінен 40 жас өкіл Республикалық балалар өкілдігі кеңесінің құрамына қабылданды, соның ішінде Маңғыстау облысынан 2 оқушы өтті.

Әр аудан мен қалада 7 балалар омбудсмені арасынан екі оқушы тағайындалды. Олар, Мұнайлы ауданы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 мектептің 10 сынып оқушысы Хыдыргельди Нұрмұхан Серикбайұлы және Бейнеу ауданы Бейнеу гимназиясының
10 сынып оқушысы Елеусізова Жансая Төлегенқызы.

Балалар омбудсмендері бала мен мемлекет арасындағы сенімді дәнекер ретінде оқушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, өзекті мәселелерді көтеруге және белсенді қатысуына ықпал етеді.

Айта кетейік, балалар өкілдігі институты 2020 жылдан бері жұмыс істейді және бүгінде балалардың құқықтарын қорғау жүйесінің маңызды тетігіне айналды.