7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті

7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті

Олимпиада Мұнайлы ауданының Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің базасында ұйымдастырылды.

Облыстық кезеңге өңір бойынша 248 оқушы қатысып, 12 пән бойынша білімдерін сарапқа салды.

Академиялық адалдық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында олимпиада тапсырмалары мен шешімдері, оқушылардың жұмыстары мен хаттамалары daryn.kz/respa/ сайтында жарияланды.

Сондай-ақ олимпиаданың өту барысы YouTube платформасында тікелей трансляция арқылы көрсетілді.

Олимпиаданың басты мақсаты - оқушылардың зияткерлік қызметке және ғылыми білімге деген қызығушылығын арттыру, білім алушылардың қабілеті мен бейімділігін дамытуға жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты жүйелі түрде іске асыру және республикалық пәндік олимпиадаларға қатысуға ынталы, қабілетті оқушыларды іріктеу.