Маңғыстау облысы білім басқармасы Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандартының талаптарын енгізу мәселесіне арналған семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүргізген білім беру ұйымдарындағы жаңа тамақтану стандартының талаптарын енгізілуі аясында апробациялау мониторингінің нәтижелері қаралып, сондай-ақ тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтардың және білім беру ұйымдарындағы бракераждық комиссия жұмыстары туралы айтылды.
Іс-шараға жалпы білім беретін мектептердің директорлары, әлеуметтік педагогтері мен медицина қызметкерлері қатысты