Білім бөлімдері басшыларының есебі тыңдалды

Білім бөлімдері басшыларының есебі тыңдалды
Бүгін, 23 қаңтар күні білім басқармасының мәжіліс залында Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес, Маңғыстау облысы жекеменшік білім беру ұйымдарының мемлекеттік мектептердегі үш ауысымда оқытуды жою, оқушы орнының тапшылығын азайту, жұмыс орнымен қамтудағы үлесі жөнінде білім бөлімдері басшыларының есебі тыңдалды.
 
Қазіргі таңда, облыста 54 жекеменшік мектеп бар. Оның басым бөлігі Ақтау (30), Жаңаөзен қалалары (10) мен Мұнайлы ауданында (12) орналасқан.
 
Алдағы уақытта жұмыс тобы құрылып, жекеменшік мектептердің жай-күйі қаралып, облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен кәсіпкерлік палатасының, жекеменшік мектептер құрылтайшыларының қатысуымен отырыс өтетін болады.