2025 жылғы 9–13 желтоқсан аралығында Астана қаласында ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Аталған олимпиада ауылдық жерлердегі дарынды оқушыларды анықтау, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарға деген қызығушылығын арттыру және білім алуда тең мүмкіндіктер қалыптастыру бағытында ұйымдастырылды.
Білім бәйгесіне Маңғыстау облысы бойынша 28 оқушы қатысып, білімдерін сарапқа салды.
Олимпиада қорытындысы бойынша командамыз 4 алтын, 6 күміс, 8 қола медальды жеңіп алып, “Ең үздік олимпиадалық команда-2025” атағы мен І орынға ие болды.
Жүлделі орын алған оқушыларымыздың еңбегі мен табандылығына алғыс айта отырып, олардың ата-аналарын, жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Естеріңізге сала кетейік, ауыл олимпиадасының жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша оқушыларымыз 9 алтын, 7 күміс, 10 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте “Ең үздік олимпиадалық команда-2025” атағы мен Бас жүлдені иеленді.