Маңғыстау туризм колледжі халықаралық сыйлыққа ие болды

Маңғыстау туризм колледжі халықаралық сыйлыққа ие болды
Бүгін, 5 желтоқсан Халықаралық волонтерлер күніне орай Астана қаласында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы және «Игі істер марафоны» жобасы аясында салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
 
Маңғыстау туризм колледжі «Инклюзивті келешек» номинациясы бойынша халықаралық сыйлықтың жеңімпазы атанды.
 
Бұл марапат – колледждің бір жыл бойы инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған жүйелі еңбегінің жемісі.
 
Осы уақыт ішінде колледж ұжымы:
• Мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарына шаш үлгілері бойынша мастер-класс өткізді;
• Нан өнімдерін дайындау және торт жасау бойынша мастер-класстар ұйымдастырды;
• Көп балалы отбасыларға оқу құралдарын сыйға тартты;
• Ерекше балаларға арналған құм терапиясы бойынша сеанстар өткізді.
 
Марапат ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның атынан табысталды.
 
Бұл жеңіс – колледж ұжымының жанашырлығы, еріктілікке деген жауапкершілігі және қоғамға пайдалы болуға деген шынайы ниетінің айқын көрінісі.
 
#маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы