Жастар арасында түрлі саладағы үздік мамандарды анықтауға бағытталған «Жас қыран – 2025» қалалық жастар сыйлығы Ақтау қалалық қоғамдық даму қорының ұйымдастыруымен биыл үшінші рет өткізілді.
Биылғы таңдауда «Үздік IT маман» номинациясының иегері болып Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің арнайы (IT) пән оқытушысы – Мектепова Жұлдызай Жоламанқызы марапатталды.
Мектепова Жұлдызай Жоламанқызы – 2025 жылғы WorldSkills кәсіби шеберлік чемпионатының халықаралық дәрежедегі сарапшысы, “BilimQol” мобильді қосымшасының және “Қарттар цифрлық әлемде: қауіпсіз әрі белсенді өмір сүру” әлеуметтік жобасының авторы.
Ол жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған бастамаларды жүзеге асырып, заманауи технологияларды меңгеруде үлгі көрсетіп жүрген ізденімпаз маман.