Облыс бойынша 216 жалпы білім беретін мектеп бар (159 күндізгі, 3 кешкі, 54 жекеменшік мектептер), ондағы оқушы саны – 193 156. Күндізгі мектепте – 175 850 білім алушы бар.
2025 жылғы 19 қарашадағы білім бөлімдерінің мәліметіне сәйкес 20 524 (10,6%) оқушы тұмау ауруына байланысты сабаққа қатыспай отыр.
Ауырған бала санының көбеюіне байланысты, іс-шаралар өткізуді шектеу туралы шаралар алынуда.
- Барлық білім беру ұйымдарында көпшілік іс-шаралар өткізуге шектеу қойылды;
- Ғимараттарда дезинфекциялық жұмыстарды уақытында талапқа сай жасау бойынша басқарма тарапынан тапсырма берілді;
- Жаңаөзен қаласы бойынша 23 мектептің 8099 оқушысы (366 сынып) қашықтан оқытуға көшірілді.
Алдағы уақытта, жағдайға қарай маскалық режимді енгізу қарастырылатын болады.
Маңғыстау облысының білім басқармасы