«Мектептің мәдени коды: құндылыққа негізделген басқару моделі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2025 жылғы 17 қараша күні Ақтау қаласы, Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында мектептің мәдени кодын қалыптастыру арқылы құндылыққа негізделген басқару моделін дамыту және білім сапасын арттыру және мектеп басшыларының кәсіби басқарушылық құзыреттерін жетілдіру мақсатында «Мектептің мәдени коды: құндылыққа негізделген басқару моделі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шараға ПШО, «Өрлеу» орталығы, аудан, қала бойынша білім бөлімдері, оқу-әдістемелік орталық қызметкерлері және 30-дан астам мектеп директоры қатысты.
Семинарда кәсіби көшбасшылық, білім сапасын басқару, оқу жетістіктерін талдау, зерттеуші педагогты қолдау және мектептің мәдени кодын қалыптастыру мәселелері қаралды. Мұнайлы ауданы директорлары өздерінің үздік іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысында облыстық және аудан, қала деңгейінде «Директорлар кеңесін» құру туралы шешім қабылданып, құрамы бектітілді.