Астана қаласында «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Үздік педагог» атанғандардың қатарында маңғыстаулық мұғалімдер де бар.
Жаңабергенова Мейрамгүл Сакидуллақызы - Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Диханова Жүзім Сыдиыққызы – Ақтау қаласы, Мамандандырылған ІТ лицейінің математика пәні мұғалімі;
Кенжалиева Әсел Қабиденқызы – Ақтау қаласы Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің өндірістік оқыту шебері;
Салтанатты жиында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарды марапаттап, оларға шығармашылық табыс пен кәсіби жетістік тіледі.
Жеңімпаз ұстаздарға «Үздік педагог» куәлігі мен төсбелгісі табысталып, 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы берілді.
2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл байқау – педагог мәртебесін арттырып, ұстаздардың шығармашылық белсенділігін қолдауға бағытталған маңызды жоба.