Сервис және қызмет көрсету саласының «Цифрлық модельдеу» құзыреттілігі бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының ашылу салтанаты өтті

Бүгін, 21 қазан күні, «Жұмысшы мамандықтар жылын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспары аясында» Сервис және қызмет көрсету саласының «Цифрлық модельдеу» құзыреттілігі бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өтетін Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының ашылу салтанаты өтті.

Конкурстың негізгі мақсаты – цифрлық модельдеу саласындағы заманауи педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, тәжірибе алмасу мен шығармашылық ынтымақтастықты дамыту.

Аталмыш шараға жергілікті басқармалардың, әлеуметтік серіктес мекемелердің өкілдері, өңірдегі колледждердің басшылары, оқытушылар, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген инженер-педагогтер мен сарапшылар қатысты.

Айта кету керек, аталмыш кәсіби шеберлік додасы – цифрлық модельдеудің қыр-сырын меңгерген, өз саласының үздік мамандарын біріктіретін ерекше алаң болмақ.

Сондай-ақ, 3 күнге созылатын бұл конкурс – өз ісінің үздіктерін, жаңа технологияларды меңгерген, білім беруде инновациялық тәсілдерді қолдана білетін заманауи педагогтерді анықтауға бағытталған маңызды қадам.

Конкурстың ашылу салтанаты педагогтерге арналған «Fashion Lab: дәстүр мен цифрлық 3D технология тоғысында» атты республикалық воркшоп пен студенттер және мектеп оқушыларына арналған «Future Skills» байқауымен жалғасты.