Құрметті ұстаздар!

Құрметті ұстаздар!

Сіздерді қазан айының алғашқы шуақты күндерімен бірге келетін кәсіби мерекелеріңіз «Ұстаздар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Әрбір парасатты азамат білім ұясының қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, әріп үйреніп, білім теңізіне жетелеген ұстаздарын ешқашан ұмытпақ емес.

Қазір әлемді жайлаған індетпен күрес кезінде экономиканы құлдыраудан сақтау, сапалы білім беру мен денсаулық сақтаудың маңызы арта түсті.

Сіздер осы күрделі кезеңде оқушымен бірге олардың ата-аналарымен ынтымақтастықты арттыра отырып білім беруді өз деңгейінде жүзеге асырып отырсыздар!

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіне шығу жолында заман талабына сай бейімделіп, атқарып жатқан еңбектеріңізді барша қоғам бағалайды.

Осы жолда Сіздерге қажымас қайрат, еңбектіріңізге береке, шығармашылық табыстар тілеймін!

Ізгі тілекпен, Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев!