Маңғыстау облысының білім басқармасының 09.03.2025ж. № 62-нқ бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 12 қыркүйек күні «Орта білім беретін үздік ұйым» және «Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантын беру конкурсының құжаттарын іріктеу бойынша комиссия отырысы өтті.
Конкурсқа қатысқан 9 білім беру ұйымдарының құжаттарын (аудан, қала бойынша орта білім беретін ұйымдардан - 6, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 3 ұйым) комиссия құрамы облыс әкімінің орынбасары А. Өрісбаев және білім басқармасының басшысы, Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Маңғыстау облысы филиалы, «Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, білім беру ұйымдарының директорлары, білім берудің оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері, психологтар т.б. мамандар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 және 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 484 бұйрықтарында көрсетілген критерийлерге сәйкес қарап, дауыс беру арқылы төмендегідей қорытынды шығарды.
І. «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының жеңімпаз ұйымдары:
І орын - Ақтау қаласы, мамандандырылған ІТ лицей;
ІІ орын - Мұнайлы ауданы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп;
ІІІ орын - Жаңаөзен қаласы, № 5 мектеп-гимназиясы.
ІІ. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» конкурсының жеңімпаз ұйымы:
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі.