Маңғыстаулық оқушысы халықаралық олимпиадада алтын медаль иеленді

Маңғыстаулық оқушысы халықаралық олимпиадада алтын медаль иеленді
🥇Ағымдағы жылдың 26–27 тамыз күндері Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында өткен халықаралық Copernicus Olympiad New York білім олимпиадасында Ақтау қаласындағы Білім-инновация лицейінің оқушысы Иманғазиев Даниял математика пәні бойынша алтын медаль иеленді.
 
✨Әлемнің 54 елінен келген зияткер оқушылар қатысқан бұл беделді білім сайысында Даниял өзінің жоғары білім деңгейін көрсетіп, еліміздің мерейін үстем етті.
 
🎉Иманғазиев Даниялды және оны олимпиадаға дайындаған ұстаздарын осы зор жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!