Маңғыстауда «Келешек мектептері» жобасы аясында 9 білім ордасы салынып жатыр

Маңғыстауда «Келешек мектептері» жобасы аясында 9 білім ордасы салынып жатыр
Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 8 100 орындық 9 білім ордасының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
 
-Бұл мектептердің 6600 орындық 8-і, атап айтқанда, Өмірзақ ауылы, Рауан елді мекенінде, Ақтау қаласы 20-шағын ауданы, Жаңаөзен қаласы Мерей шағын ауданы, Бейнеу ауданы Сам ауылы, Бейнеу ауылы, Маңғыстау ауданы «Қосбұлақ-2» шағын ауданы, Мұнайлы ауданы Маңғыстау-3 ауылы, Батыр ауылы «Самал» шағын ауданындағы білім ордасының құрылысы жүруде. Ал Ақтау қаласының 16-шағын ауданында салынып жатқан 1500 орындық мектепті қазан айында пайдалануға беру жоспарда бар, - деді Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев.
 
Былтыр өңірде 4500 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді. Аталған білім ордалары Ақтау қаласының 17, 33, 19-шағын аудандарында, Мұнайлы ауданы Батыр ауылы Хазар шағын ауданында орналасқан.