Жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін 2025-2026 оқу жылына жергілікті бюджеттен бөлінетін білім беру гранттарын тағайындау бойынша
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті облыс тұрғындары!
Жергілікті бюджет есебінен 2025-2026 оқу жылына конкурстық негізде жоғары білім алуға бакалавр (интернатура) мамандықтарына білім беру грантттары тағайындалды.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
1-кезең:
Тиісті құжаттарды тапсыру - ағымдағы жылғы 5-10 тамыз аралығы;
2-кезең:
Конкурс комиссиясының отырысы – ағымдағы жылғы 15-16 тамыз.
Тапсыруға міндетті құжаттар тізбесі:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш (барлығы үшін);
2) жалпы орта білімі туралы құжат көшірмесі (құжаттарды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа тапсыру, 1 курсқа түсушілерге);
3) ҰБТ сертификатының көшірмесі, студенттер үшін оқу жылындағы сессия қорытындысының орташа баллы, интернатураға тапсыратындарға «бакалавр» бітіргендігі жөнінде диплом көшірмесі (құжаттарды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа көрсету; 1 курсқа түсушілерге);
4) 075- нысаны бойынша медициналық анықтама көшірмесі (құжаттарды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа тапсыру; 1 курсқа түсушілерге);
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6) Көп балалы, аз қамтылған отбасы, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар екендігін дәлелдейтін құжаттар көшірмесі(болған жағдайда; барлығы үшін);
7) «Жалпы медицина», «Педагогика» мамандығына тапсырушыларға психометриялық емтихан анықтамасы (1 курсқа түсішілерге);
8) «Өнер» мамандықтарына шығармашылық емтихан нәтижесі (1 курсқа түсушілерге).
Құжат қабылдау: Ш.Есенов атындағы университет, 1 қабат
Грант иегерлерінің тізімі Білім басқармасының сайтында 20 тамызға дейін жарияланады.
Білім беру грантын беру туралы куәлік ағымдағы жылғы 25 тамыздан кешіктірілмей беріледі.
Байланыс телефоны: 8/7292/ 57-12-04
№ |
Білім беру саласының коды және сыныпталуы |
Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы |
2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі |
|
|
|
|||||
1 |
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
6В021 Өнер |
20 |
|
|
2 |
6B10 Денсаулық сақтау |
6B101 Денсаулық сақтау |
62 (бакалавр) |
|
|
64 (интернатура) |
|
||||
3 |
6В11 Қызмет көрсету |
6В111 Қызмет көрсету саласы (Туризм) |
4 |
|
|
6В113 Көлік қызметтері |
2 |
|
|||
|
6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
6В071 Инженерия және инженерлік іс |
5 |
|
|
4 |
6В01 Педагогикалық ғылымдар |
6В01Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау (Шет тілі мұғалімдерін даярлау) |
2 |
|
|
5 |
6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
6В063 Ақпараттық қаупсіздік |
3 |
|
|
6 |
6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
6В022 Гуманитарлық ғылымдар (Дінтану және теология) |
3 |
|
|
7 |
6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар |
6B081 Агрономия |
2 |
|
|
6В082 Мал шаруашылығы |
2 |
|
|||
6B084 Балық шаруашылығы |
3 |
|
|||
6B086 Су ресурстары және суды пайдалану |
3 |
|
|||
|
Барлығы |
|
175 |
|