Білім беру ұйымдары басшыларының бос орындарына хабарландыру

Білім беру ұйымдары басшыларының бос орындарына хабарландыру

«Маңғыстау облысы  білім басқармасы» ММ 130000,  Ақтау қ, 3 б ш/а, 52, анықтама телефоны: 8 (7292) 571216, электрондық мекенжайы: bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz  25.09.2024 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

Ақтау қаласы бойынша:

  1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Құрық балалар өнер мектебі» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130404 Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, 1 Шағын ауданы, 24 ғимарат , телефон: 8(72937)21066
  2. Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Оқушылар шығармашылық орталығы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130404 Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, Жаңақұрылыс ш/а , 699 ғимарат.

 

Қосымша білім беру ұйымы басшысының функционалдық міндеттері:

білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымын ұйымның Жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға сәйкес басқарады;

мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды;

қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайды;

білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайды;

балалар мен ата-аналарды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдердегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады;

басқару құрылымын айқындайды, балаларға қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады;

педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңестің және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;

оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді;

есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;

барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, балаларға қосымша білім беру ұйымы жұмысының бейінін және оның ерекшеліктері;

педагогика мен психология;

педагогикалық этиканың нормалары;

экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитариялық ережелер мен нормалар.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде                 екі жыл;

жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы;

осы тармақтың 2, 3 - азат жолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

         

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

         Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді:

1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;

10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

11) түйіндеме;

12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

 

          Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:

1) кызмет көрсету кеңсесі Ақтау қ,  3 б ш/а, 52  ғимарат, кабинет 104, телефон:  8 (7292) 571216,.

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
3-қосымша

 

Нысан

 

___________________________
конкурс жариялаған
мемлекеттік орган
/ Кандидаттың тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі -Т. А. Ә.),
жеке сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі –ЖСН), лауазымы,
жұмыс орны,
Нақты тұрғылықты
жері, тіркелген мекенжайы,
байланыс телефоны

 Өтініш

      Мені ___________________________________________________________

      (білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)

       __________________________________________________________________

      бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.

      Қазіргікезде________________________________________________________

       (лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл) жұмыс істеймін.

       Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: Білімі: жоғары немесе жоғары оқу

      орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы

 

 

 

 

 

 

       Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні):

      __________________________________________________________________

       Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

 Мемлекеттік қызмет өтілі

 Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

 Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ______________________________________

      Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) ________________________________________

       "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.

       Мен келісемін ___________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)

      "____"______________20___жыл __________ /қолы/