Білім беру ұйымдары басшыларының бос орындарына хабарландыру

Білім беру ұйымдары басшыларының бос орындарына хабарландыру

«Маңғыстау облысы  білім басқармасы» ММ 130000,  Ақтау қ, 3 б ш/а, 52, анықтама телефоны: 8 (7292) 571216, электрондық мекенжайы: bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz  25.09.2024 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

Ақтау қаласы бойынша:

1.Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “Н.Оңдасынов атындағы N5 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 268 074 теңгеден 308 210 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 4-шағынаудан, 32 ғимарат, телефон:8/7292/50-07-35

2.Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 268 074 теңгеден 308 210 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 12-шағынаудан, 29 ғимарат, телефон:8/7292/31-08-54

Бейнеу ауданы бойынша:

  1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130104 Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы, Д.Тәжіұлы көшесі №10Б, телефон: 8(72932) 2-33-46;
  2. Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Есет» «мектеп-бөбекжай» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130103 Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Есет ауылы, 1 аймақ №108 ғимарат, телефон: 8(72932) 3-52-44;
  3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Сыңғырлау» мектеп-бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130100 Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сыңғырлау ауылы, Егемендік көшесі №1, телефон: 8(72932)2-43-40;

Жаңаөзен қаласы бойынша:

  1. Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№16 бастауыш мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 245 981 теңгеден 299 125 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130200 Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Самал» ш/а, 4В құрылыс, телефоны: 8(72934) 74-7-81;
  2. Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№20 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 245 981 теңгеден 299 125 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130200 Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Бостандық ш/а, Ш. Маханбетов көшесі 14А құрлысы, телефон 8(72934)70-0-95;
  3. Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№8 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 245 981 теңгеден 299 125 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130200 Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Көктем ш/а 21 «В» құрылыс, телефон 8(72934)75-3-69;
  4. Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 245 981 теңгеден 299 125 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130200 Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Шаңырақ ш/а, 52 ғимарат, телефон 8(72934)71-6-46;
  5. Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «Кешкі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 245 981 теңгеден 299 125 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130200 Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Шаңырақ ш/а, 52 ғимарат;
  6. Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№6 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 245 981 теңгеден 299 125 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130200 Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Самал ш/а, 5Б ғимарат;
  7. Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «Абай Құнанбаев атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 245 981 теңгеден 299 125 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130200 Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Арай шағынауданы, Отырар көшесі, 65А ғимарат.

Қарақия ауданы бойынша:

  1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№6 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры А1-3-1санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Автобаза көшесі, 6 ғимарат, телефон: 8(72937) 21189
  2. Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№11 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры А1-3-1санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Маңғыстау көшесі, 21 ғимарат, телефон: 8(72937) 52496
  3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Қарақұдық мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры А1-3-1санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Бостан ауылы, 465 ғимарат, телефон: 8(72937) 25463
  4. Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Аққұдық негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры А1-3-1санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Аққұдық ауылы, 50 ғимарат, телефон: 8(72937) 41010;

Маңғыстау ауданы бойынша:

  1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры А1-3-1санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130403 Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылдық округі, Жыңғылды ауылы, Нурсейт Бейнеуов көшесі, №40 ғимарат, телефон: 8(72931) 24-4-22
  2. Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры А1-3-1санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130407 Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылы, Сисен Абдрахманов көшесі, №19 ғимарат, телефон: 8(72931) 41-3-98
  3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Тобанияз атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры А1-3-1санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130401 Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Акшымырау ауылы, Көше 3 көшесі, ғимарат 61, телефон: 8(72931) 42-5-96
  4. Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Асқар Өтепбергенов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры А1-3-1санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130408 Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылы, батч көшесі 11 ғимарат;
  5. Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Шетпе лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры А1-3-1санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130400 Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Ерниязов Тилеген көшесі, 2/1 ғимарат. 8(72931) 2-33-22
  6. Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Алшын Меңдалыұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры А1-3-1санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130400 Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы, Қарашоқы көшесі, №116/3 ғимарат, телефон: 8(72931) 21-3-09

Түпқараған ауданы бойынша:

  1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «З.О.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылы, С.Сисенбаев көшесі №1 телефон: 8 (72938) 23-8-30

Мұнайлы ауданы бойынша:

  1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3УС санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130005 Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылдық округі, Қызылтөбе ауылы, Желтоқсан көшесі, №30 ғимарат телефон: 87012014182;
  2. Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3УС санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130006 Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Даулет ауылдық округі, Даулет ауылы, Жаңа Даулет тұрғын үй алабы, №125/3 ғимарат телефон: 8-701-469-47-81;
  3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «Қызылтөбе лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3УС санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130006 Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе селосы, Желтоқсан көшесі, №30 ғимарат телефон: 87012014182;
  4. Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№19 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3УС санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130097 Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылы, «Хазар» шағын ауданы, 9-көше, 22 құрылыс. Телефон 87012978471.

Жалпы орта білім беру ұйымының басшысының функционалдық міндеттері:

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.

Педагогикалық кеңесті басқарады.

Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.

Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.

Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.

Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.

Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.

Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.

Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.

Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.

Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

          Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;

      және жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

          осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

          Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

          Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

 

 

 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

         Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді:

1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;

10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

11) түйіндеме;

12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

          Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:

1) кызмет көрсету кеңсесі Ақтау қ,  3 б ш/а, 52  ғимарат, кабинет 104, телефон:  8 (7292) 571216,.

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
3-қосымша

 

Нысан

 

___________________________
конкурс жариялаған
мемлекеттік орган
/ Кандидаттың тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
__________________________________

(бұдан әрі -Т. А. Ә.),
жеке сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі –ЖСН)____________________,

 

________________

лауазымы,
жұмыс орны,
Нақты тұрғылықты
жері, тіркелген мекенжайы,
байланыс телефоны

Өтініш

      Мені ___________________________________________________________

      (білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)

       __________________________________________________________________

      бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.

      Қазіргі кезде________________________________________________________

       (лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл)

жұмыс істеймін.

       Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: Білімі: жоғары немесе жоғары оқу

      орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы

 

 

 

 

 

 

      

 Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні):

      __________________________________________________________________

     

 Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

 Мемлекеттік қызмет өтілі

 Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

 Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ______________________________________

      Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) ________________________________________

       "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.

       Мен келісемін ___________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)

      "____"______________20___жыл __________ /қолы/