
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2025 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі
|
№ |
Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы |
Мемлекеттік гранттың басым бағыты |
Мәселенің қысқаша сипаттамасы |
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) НДС есептегенде |
Грант түрі |
Нысаналы индикатор |
|
1 |
Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу |
Орта білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру, педагогтар мен білім алушыларда кездесетін мәселелерді мақсатында мектепішілік бақылауды жақсарту жұмыстарын ұйымдастыру
|
Өңірдің білім саласындағы басты мәселелердің бірі – білім сапасының төмендігі.
Білім сапасының төмендігіне мектептердегі мектепішілік бақылаудың өз дәржесінде жүрмеуі әсер етеді. Бақылау функциясы басқару қызметінің басты тетігі болып табылады. Мектепішілік бақылау мектептің қызметін талдау негізінде жүзеге асады, анықталған мәселелерді шешуге бағытталады. |
10 000 000 |
қысқа мерзімді 1 грант |
Нысаналы көрсеткіш:
Күтілетін нәтиже:
|
|
2 |
Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу |
Аймақтағы білім беру саласының озық тәжірибелері жөнінде кешенді ақпараттық жұмысты жүргізу |
Маңғыстау облысының білім беру саласындағы сыртқы және ішкі коммуникацияларды жүзеге асыру барысында біртұтас ұстанымдарды қалыптастыру үшін кешенді әрі жүйелі ақпараттық саясатты ұйымдастыру қажет. Бұл азаматтардың аймақтағы білім беру саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге, өңіраралық байланысты нығайтуға, аталған саладағы озық тәжірибелерді насихаттауға және енгізуге, аймақтағы білім беру саласының оң имиджін қалыптастыруға септігін тигізеді. Қазіргі таңда аймақ педагогтары мен оқушыларының қол жеткізген нәтижелерін насихаттау арқылы олардың беделін, әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, бастамаларын ынталдыру жоғары сұранысқа ие. Демек өңірдегі білім беруді дамытуға бағытталған шараларды азаматтарға ашық әрі жедел жеткізуді сапалы ұйымдастыру қажет. |
11 796 000 |
қысқа мерзімді 1 грант |
Нысаналы индикатор:
Күтілетін нәтижелер:
|
|
3 |
Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу |
Өңірдің мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру |
Өткен жылдардан бастап өңірде мұғалімдердің кәсіби өсуінен бастап жаңа педагогикалық тәсілді қалыптастыру бағыты бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Өңірдің білім беру саласында басқарушы және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру процесін ұйымдастыру қажеттігі бар. Өңірдің білім беру саласының кадрлық әлеуетін арттыру педагог қызметкерлердің тиісті білім деңгейін қамтамасыз етуге, білім беру ұйымдарында ішкі әдістемелік жұмыс жүйесін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта өңірдің мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының басшылық және педагогикалық құрамының құқықтық білімін арттыру, оның ішінде білім беру саласында нормативтік құқықтық актілерді қолдану тәртібін игеру өзекті болып отыр. Бұдан басқа, жалпы білім беретін мектептердің басшылары үшін мектепішілік бақылау жоспарын құру және іске асыру, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерін жаңартылған мазмұн бойынша оқыту бойынша практикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажет. |
10 000 000 |
қысқа мерзімді 1 грант |
Нысаналы көрсеткіш:
Күтілетін нәтиже:
|
|
4 |
Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу |
Аймақтағы арнайы білім беру ұйымдарындағы кадрлардың біліктілігін арттыру |
Арнайы ұйымдарда жұмыс істейтін педагогтардың біліктілігін арттыру қажеттілігі мәселесі білім беру технологияларының, жаңа әдіс-тәсілдердің дамуына, сондай-ақ заңнама мен әлеуметтік жағдайлардағы өзгерістерге байланысты туындайды. Педагогтер өз білімдері мен дағдыларын үнемі жаңартып отыруы тиіс. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мектептер немесе түзеу мекемелері сияқты арнайы білім беру ұйымдары педагогтерден жоғары кәсіби дайындық пен терең білімді талап етеді. Себебі олар әртүрлі бұзылыстары бар оқушылармен нәтижелі жұмыс істеуі керек. Біліктілікті арттыруға арналған тиісті курстар мен бағдарламалардың жетіспеушілігі білім беру сапасының төмендеуіне және мұндай балалар үшін жеке білім беру траекторияларын жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауына әкелуі мүмкін |
11 000 000 |
қысқа мерзімді 1 грант |
Нысаналы көрсеткіш:
Күтілетін нәтиже:
|
|
5 |
Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу |
Аймақтағы оқушылар мен олардың ата-аналарының бойында отбасылық-ұлттық құндылықтарды қалыптастыру |
Біздің елдегі білім беру ұйымдарында «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілді, ол жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде саналы азаматты тәрбиелеуге бағытталған. Бұл бағдарлама білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға және оқушылармен байланысты теріс әлеуметтік құбылыстарды алдын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қоғамда «Үшжақты бірлестік: мектеп – ата-ана – оқушы» моделіне негізделген білім беру процесін ұйымдастыруға сұраныс өте жоғары. Осы модель аясында ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, балалар мен жасөспірімдерге қатысты әлеуметтік мәселелер бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдерге ұлттық құндылықтарға негізделген отбасылық тәрбиенің маңыздылығын жеткізу, осы күрделі мәселені шешуге қоғамдық пікір көшбасшыларын, сарапшыларды және рухани тұлғаларды тарту қажет. |
11 796 000 |
қысқа мерзімді 1 грант |
Нысаналы көрсеткіш:
Күтілетін нәтиже:
|
|
6 |
Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу |
Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру және дамыту |
Аймақтың сарапшылары жасөспірімдердің психоэмоционалдық тұрақсыздыққа байланысты суицидтік мінез-құлық қаупіне көбірек бейім екенін атап өтуде. Сонымен қатар, Маңғыстау облысындағы жалпы білім беретін ұйымдарда 266 педагог-психолог жұмыс істейді, оның ішінде 83 (31%) жас маман, 137 (51%) санатсыз педагог-психологтар. Бұл көрсеткіш білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтардың кадрлық тұрақсыздығын және мамандардың тәжірибесін жетіспеушілігін көрсетеді. Бүгінгі күні суицидтік мінез-құлыққа бейім жасөспірімдерді анықтап, оларға мақсатты жұмыс жүргізу, көпсалалы бригаданың (негізінен тәжірибелі психотерапевт, психиатр, психолог) уақтылы консультацияларын ұйымдастыру қажет, білім беру ұйымдарында елдің тәжірибелі мамандарының қатысуымен. Педагог-психологтардың біліктілігін арттыру, аймақтың педагог-психологтарына әдістемелік құралдар жасау, сондай-ақ ата-аналарға арналған суицидтің алдын алу бойынша дәрістер бағдарламасын ұйымдастыру қажет |
11 796 000 |
қысқа мерзімді 1 грант |
Нысаналы көрсеткіш:
Күтілетін нәтиже:
• Эмоционалдық және мінез-құлық мәселелерін ерте анықтау әдістері; • Жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсету тәжірибесі; • «Қауіп тобы» балаларын қолдау стратегиялары. |
|
|
Барлығы |
|
|
66 388 000 |
|
|