Маңғыстау облысында білім сапасын арттыруға бағытталған кешенді жоспар талқыланды

Маңғыстау облысында білім сапасын арттыруға бағытталған кешенді жоспар талқыланды
Білім басқармасының мәжіліс залында Маңғыстау облысының білім сапасын арттырудың 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспардың орындалуын пысықтау жөніндегі білім басқармасы жанынан құрылған жұмысшы топтың отырысы өтті.
 
Отырысқа Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев, “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалының Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институты директорының орынбасары Гүлдариға Мамутова, Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Қатира Боранбаева, Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ директоры Ринат Жұмаев, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары және облыстық, аудандық оқу-әдістемелік орталықтардың басшылары қатысты.
 
Кешенді жоспарда көрсетілген «Мектептегі білім сапасын үш өлшемді әдістемелік жүйе технологиясы» әдістемесін сынақтан өткізу мақсатында Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданынан өзге 7 ауданнан 29 пилоттық мектеп таңдалып алынды. Бұл мектептерден 40 педагог (29 мектеп мұғалімі, 7 аудандық, 4 облыстық әдіскер) арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді деп жоспарлануда.
 
Сонымен қатар, аудан және қала бойынша білім бөлімдерінің басшыларына білім сапасын арттыруға әзірленген жергілікті кешенді жоспарлардың орындалысын бекітілген кестеге сәйкес білім басқармасына баяндау тапсырылды.
Маңғыстау облысы білім басқармасы