2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстандағы үздік 100 мектептің тізімі жарияланды. Оқу-ағарту министрлігі жүргізген кешенді талдау нәтижесінде Маңғыстау облысынан бес мектеп үздіктер қатарынан көрінді.
Атап айтқанда, Ақтаудағы Н.Марабаев атындағы №7 лицей, IT лицей, Жаңаөзендегі №5 мектеп-гимназия, Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп-лицейі мен Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе лицейі үздік деп танылды.
Бағалау барысында білім сапасы, оқушылар жетістігі, мұғалімдердің біліктілігі, инклюзивті орта мен тәрбие жұмысы секілді бірқатар критерийлер ескерілді.