«Педагог мәртебесі – ұлт болашағының тірегі» атты жас мамандармен кездесу өтті

«Педагог мәртебесі – ұлт болашағының тірегі» атты жас мамандармен кездесу өтті
💥 Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектебінде «Педагог мәртебесі – ұлт болашағының тірегі» тақырыбында жас мамандармен еркін форматта кездесу өтті.
 
🔰 Іс-шараға Маңғыстау облысы Білім басқармасының басшысы А. Кумбаев қатысып, өңірдегі білім беру ұйымдарында қызмет етіп жүрген жас ұстаздармен ашық пікір алмасу жүргізді.
 
✅️ Кездесудің негізгі мақсаты – педагог мамандығының маңыздылығын арттыру, «Педагог мәртебесі туралы» Заңның басты бағыттарымен таныстыру және жас буынның ұстаздық жолға деген қызығушылығын қолдап, кәсіби бағдар беру болды.
 
🔷️ Кездесуге қала, аудан және облыстық деңгейдегі білім беру ұйымдарының жас мамандары қатысты.
💬 Басқарма басшысы педагог мәртебесінің бүгінгі қоғамдағы рөліне тоқталып, білім саласындағы соңғы жаңалықтар мен өзгерістер туралы ақпарат берді. Сонымен қатар жас мұғалімдердің қызметтік жолында кездесетін мәселелерді шешу жолдары бойынша тәжірибелік кеңестер ұсынып, кәсіби дамудың бағыттарын атап өтті.
 
✔️ Басқарма басшысы А. Кумбаев өз сөзінде педагогтің үздіксіз даму қажеттігін, сапалы білім берудің басты тетігі – ұстаздың құзыреттілігі екенін атап өтті. Ол «Педагог мәртебесі туралы» Заң аясында жас мамандарға берілетін қолдау туралы жеткізді.
 
🔰 Кездесу соңында басқарма басшысы жас мамандарға сәттілік тілеп, олардың ұстаздық жолға адалдығы мен белсенділігі – ел болашағына қосылған өлшеусіз үлес екенін ерекше атап өтті.