Маңғыстау облысының білім басқармасының 09.03.2025ж. № 62-нқ бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 12 қыркүйек күні «Орта білім беретін үздік ұйым» және «Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантын беру конкурсының құжаттарын іріктеу бойынша комиссия отырысы өтті.
Конкурсқа қатысқан 9 білім беру ұйымдарының құжаттарын (аудан, қала бойынша орта білім беретін ұйымдардан - 6, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 3 ұйым) комиссия құрамы облыс әкімінің орынбасары А. Өрісбаев және білім басқармасының басшысы, Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Маңғыстау облысы филиалы, «Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, білім беру ұйымдарының директорлары, білім берудің оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері, психологтар т.б. мамандар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 және 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 484 бұйрықтарында көрсетілген критерийлерге сәйкес қарап, дауыс беру арқылы төмендегідей қорытынды шығарды.
І. «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының жеңімпаз ұйымдары:
І орын - Ақтау қаласы, мамандандырылған ІТ лицей;
ІІ орын - Мұнайлы ауданы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп;
ІІІ орын - Жаңаөзен қаласы, № 5 мектеп-гимназиясы.
ІІ. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» конкурсының жеңімпаз ұйымы:
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі.
Бүгін, 5 қыркүйек күні, Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы Қосбұлақ-2 шағынауданында жаңа 600 орындық мектеп ашылды. Бұл білім ордасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептер» ұлттық жобасы аясында бой көтерді.
Жаңа оқу жылынан бастап облыс бойынша 5 жаңа келешек мектеп пайдалануға берілді. Соның бірі – Қосбұлақ-2 шағынауданындағы №1 жалпы білім беретін жаңа мектеп. Қазіргі уақытта мектепке 422 оқушы қабылданып, білім алуын бастап кетті. Сонымен қатар, 44 педагог ұстаздық қызметке кірісті.
Мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда биология, химия, география, тарих, информатика, робототехника, ағылшын және орыс тілі, алғашқы әскери дайындық, сандық сауаттылық, инклюзивті қолдау, психолог пен логопед, сенсорлық кабинеттері бар. Сонымен бірге музыка, хореография, визуалды өнер, дизайн және технология, STEM, мәдениет үйі шеберханалары, кітапхана, асхана, спорт залы, жаттықтырушы кабинеті, акт залы, медициналық пункт, мұражай және басқа да қажетті инфрақұрылым толық қамтылған.
Айта кететін жайт өткен жылы өңірімізде 8 мектеп пайдалануға берілсе, биылғы оқу жылында 10 мектеп пайдалануға беруге жоспарланды. Оның ішінде 9 мектеп – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында, ал 1 мектеп – демеушілік қаражат есебінен салынды. Бұл нысандардың ашылуы нәтижесінде Мұнайлы және Түпқараған аудандарында үш ауысымды оқыту толықтай жойылып, бір апатты мектептің мәселесі шешімін тапты.
«Маңғыстау облысы білім басқармасы» ММ 130000, Ақтау қ, 3 б ш/а, 52, анықтама телефоны: 8 (7292) 571216, электрондық мекенжайы: a.uitolganov@mangystau.gov.kz 25.09.2024 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».
Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті басқарады;
мемлекеттік стандарт талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процестерінің кестелерін, ішкі тәртіп қағидаларын бекітеді;
білім беру ұйымы қызметкерлерінің басқару құрылымын, штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін қажетті жағдайларды, қоғамдық тамақтануды, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен білім беру ұйымдары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін жағдайлар жасайды;
қаржы-шаруашылық қызметіне, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражатты мақсатсыз пайдалануға жауапты болады;
жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіреді;
қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйіне, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражатты мақсатсыз пайдалануға бақылауды жүзеге асырады және жауапты болады;
материалдық-техникалық базаны қайта жарақтандыруды және қайта ұйымдастыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;
білім беру ұйымының білім беру қызметінің саласын қолдау және кеңейту мақсатында білім берудің инновациялық технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді;
кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, педагогтердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды;
үздіксіз кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады;
жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді.;
жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді;
әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады;
уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайды;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (мекемелері) басшыларының біліктілігін беру (растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;
білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне дұрыс және уақытылы әкімшілік деректерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы (мекеме) басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;
оқу орнының кадрлар даярлау бейініне сәйкес келетін бір немесе бірнеше біліктілік бойынша орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріндегі басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;
бейіні бойынша әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы (басшының орынбасары) лауазымында кемінде 2 жыл өтілі бар;
педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы (оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде);
немесе "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының немесе білім беру ұйымы "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.
Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
педагогика және психология негіздері;
қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
басқарудың инновациялық әдістері;
экономика негіздері, Қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері;
құқық негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары;
компьютерлік сауаттылық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздері.
Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді:
1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
11) түйіндеме;
12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:
1) кызмет көрсету кеңсесі Ақтау қ, 3 б ш/а, 52 ғимарат, кабинет 203, телефон: 8 (7292) 571216,.
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.
|
|
Мемлекеттік білім беру |
|
|
Нысан |
|
|
___________________________ |
Өтініш
Мені ___________________________________________________________
(білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)
__________________________________________________________________
бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.
Қазіргікезде________________________________________________________
(лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл) жұмыс істеймін.
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: Білімі: жоғары немесе жоғары оқу
орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік
|
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандығы |
|
|
|
|
Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні):
__________________________________________________________________
Жұмыс өтілі:
|
Жалпы |
Педагогикалық |
Мемлекеттік қызмет өтілі |
Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін) |
Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында |
|
|
|
|
|
|
Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ______________________________________
Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) ________________________________________
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.
Мен келісемін ___________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)
"____"______________20___жыл __________ /қолы/
1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Маңғыстау облысында бес жаңа мектеп ашылды. Оның төртеуі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында салынса, біреуі демеушілердің қолдауымен бой көтерді.
Жаңа білім нысандарының бірі – Бейнеу ауданы Сам ауылындағы 300 орындық мектеп. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ардагерлер, ұстаздар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Салтанатты жиында облыс әкімі жиналғандарды білім күнімен құттықтап, жаңа мектептердің өңір үшін маңыздылығын атап өтті.
- Мемлекет басшысы білім саласын дамытуға әрқашан айрықша көңіл бөледі. Бүгін пайдалануға беріліп отырған жаңа мектептер – осы қамқорлықтың нақты нәтижесі. Президенттің тапсырмасымен салынған заманауи білім ордалары шалғайда жатқан ауылдарға да жетіп, балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік беріп отыр. Бұл білім ордасында шәкірттердің жан-жақты дамуына, мұғалімдердің шығармашылықпен еңбек етуіне барлық жағдай жасалған. Осы шаңырақтан түлеп ұшатын түлектер еліміздің дамуына үлес қосатын білімді де отаншыл азамат болады деп сенемін. Баршаңызды білім күнімен құттықтаймын, жаңа оқу жылы сәтті әрі табысты болсын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Сам ауылындағы мектепте қазіргі таңда 151 оқушы білім алуда, 40 педагог еңбек етеді. Мектепте 27 оқу кабинеті, 18 қосымша бөлме, химия, биология, информатика, робототехника, STEM, өнер және музыка сыныптары қарастырылған. Сонымен қатар логопед пен психолог кабинеттері, спорт және акт залы, асхана, кітапхана, шеберхана, медициналық бөлме мен мұражай бар.
Бұдан бөлек, жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтау қаласының «Рауан» шағын ауданында – 300 орындық, Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы «Самал» шағын ауданында – 1200 орындық, Бейнеу ауылында – 600 орындық және Түпқараған ауданының Сайын-Шапағатов ауылында демеушілердің қолдауымен 1200 орындық мектеп ашылды. Бұл нысандардың іске қосылуы Мұнайлы мен Түпқараған аудандарында үш ауысымды оқытуды толықтай жойылып, Бейнеу ауданындағы бір апатты мектептің мәселесін шешіп отыр.
Жалпы, жаңа оқу жылында Маңғыстау облысында 157 мектеп жұмысын бастады. Өңірде 213 мыңнан астам оқушы білім алуда, олардың 19 мыңы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Сонымен қатар оқу жылының алғашқы тоқсанында тағы бес жаңа мектеп пайдалануға берілмек.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Құрметті, талапкерлер! Жергілікті бюджет есебінен бөлінген мемлекеттік білім беру гранты бойынша 2025 жылғы 22 тамызда өткен конкурс отырысының қорытынды хаттамасымен бекітілген грант иегерлерінің тізімі жарияланады.
Грант иегерлері, куәлікті алып кету үшін Білім басқармасына а.ж. 26 тамызы күні сағат 14.00-ден бастап келу сұралады.
Куәліктер баспадан 25 тамыз күні басылып шығарылады.
Мекен жайымыз: Ақтау қ., 3 б ш/н, 52 ғимарат, 202 кабинет.