Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
24 января 2025
Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды: олардың құқықтарын қорғау үшін мемлекет қандай заңнамалық шараларды күшейтуде?
🔹 Бүгінде елімізде 6,8 млн бала тұрады, бұл халықтың үштен бірін құрайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша құқықтық базаны нығайту бойынша үш негізгі заң қабылданды және біздің кішкентай азаматтарымызды қорғау үшін пәрменді тетіктер енгізілді.
 
✔️ Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша қабылданған ҚР Заңының маңызды бастамасы – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамға бейімдеу үшін тәлімгерлер институтын құру болды. Бүгінгі таңда 330-дан астам бала қажетті қолдау алуда.
 
📁 Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР Заңындағы негізгі шаралардың бірі – балаларға қатысты құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдату және кәмелетке толмағандарға жәбір көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу болды. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейту мақсатында балаларды қоғамдық көліктен түсіріп кетуге тыйым салынды.
 
❗️2025 жылдан бастап мектептер мен колледждерде республикалық бірыңғай «111» байланыс орталығына жедел хабарласа алатын QR-кодтар енгізілді. Биылғы жылдың қаңтар айындағы мәлімет бойынша байланыс орталығына 17 400 бала жүгінген.
 
⚜️ Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қабылданған үшінші Заңында кәсіби қабылдаушы отбасыларды құру және жетім балаларға арналған жағдайларды жақсарту бойынша нормалар қарастырылған.
 
💡 Бүгінгі таңда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82%-ы қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша тағы 3 мыңнан астам бала жаңа отбасын тапты.
 
📌 2025 жылдан бастап отбасылық орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасылар енгізілмек. Бұл бастама қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қамқорлық көрсетіп, оларға үй жағдайында қолайлы орта құру мақсатында жүзеге асырылады.
24 января 2025
Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді
✔️ Жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету биылғы жылдан басталады. 30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.
 
💰 Негізгі жаңалықтардың бірі жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақтандыру. Жаңа бастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды. Оны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 12 млрд-тан астам теңге бөлінді.
 
🔹 Сондай-ақ Заң мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын оқушылар үшін әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуді көздейді. Бұрын «Жалпыға бiрдей білім беру» қорынан мектеп керек-жарақтары мен кеңсе тауарларын сатып алуға көмек тек мемлекеттiк мектеп оқушыларына ғана көрсетiлген болатын. Енді ол жекеменшік мектеп оқушыларына да қатысты болады.
«Жаңа заң аясында жергілікті атқарушы органдарға меншік нысанына қарамастан, әлеуметтік осал отбасылардың барлық балаларына әлеуметтік көмек көрсету құзыреті беріледі. Бұл барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам», - деп мәлімдеді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
 
📌 Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың қыркүйегінен бастап бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік санаттағы 5-11 сынып оқушылары үшін мемлекеттік мектептерде тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында мемлекеттік мектептерде оқитын 1,7 млн-нан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында 510 мың оқушыны құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қосымша 22,5 млрд теңге бөлінді.
24 января 2025
2025 жылы Қазақстандағы қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге артады
✍🏻 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды, заңнамалық және стратегиялық шаралар іске асырылуда. 2024 жылғы желтоқсанда қабылданған мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ҚР Заңы шеңберінде қорғаншылық және қамқоршылық органдардың штат санын 2,5 есеге ұлғайту жоспарлануда. Шешім балалардың құқықтарын қорғауды жақсартуға және қорғаншылық жүйесінің жұмысын күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
 
📁 Алғаш рет заңнамалық деңгейде қамқоршылық органдарының штаттық санының нормативі бекітілді — 5 мың балаға бір маман. Бүгінгі таңда өңірлік қамқоршылық органдарының қызметкерлерінің саны 303-тен 692 адамға дейін артты. 2025 жылы бұл көрсеткішті айтарлықтай ұлғайту жоспарланып отыр, бұл балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсетудің қолжетімділігін арттырып, қамқоршылық органдарының жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
 
«Жаңа штаттық норма көптеген елдерде теңдесі жоқ бірегей қазақстандық тәжірибе болып табылады. Енді қамқоршылық органдарының әрбір маманы қажетті қолдауды қамтамасыз ете отырып, балалармен және олардың отбасыларымен жақын жұмыс істей алады», - деп атап өтті министр Ғани Бейсембаев.
 
📌 Қазір ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп қамқоршылық органдары қызметінің тиімділігін арттыру үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеуде.
23 января 2025
Жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін 2024-2025 оқу жылына жергілікті бюджеттен бөлінген білім беру гранттарының босаған орындарына өткізілген конкурс отырысының ҚОРЫТЫНДЫСЫ!!!

Жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін 2024-2025 оқу жылына жергілікті бюджеттен бөлінген білім беру гранттарының босаған орындарына өткізілген конкурс отырысының ҚОРЫТЫНДЫСЫ!!!

Жергілікті бюджет есебінен 2024-2025 оқу жылына бөлінген білім беру гранттарының І жарты жылдық қорытындысы бойынша босаған орындарға өткізілген конкурс комиссиясының шешімімен төмендегі студенттер грант иегерлері атанды.

Аты-жөні

 GPА баллы

Оқып жатқан оқу орны

оқып жатқан курсы

 
 

 

В086  МЕДИЦИНА

 

 

 

 

1

Есет Альбина Батырбекқызы

3,41

Астана медицина университеті

1 курс

 

2

Абдераш Ұлжан Серикқызы

3,41

Астана медицина университеті

1 курс

 

3

 

Сабен Асылбек Мұхамбекұлы

3,11

Астана медицина университеті

1 курс

 

4

Абай Аида Джошыханқызы

3,27

С. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті

1 курс

 

5

Досым Ұлдай Жанпейсқызы

3,13

С. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті

1 курс

 

6

Өскінбай Ләйлә Нұрбекқызы

3,27

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

1 курс

 

 

Барлығы: 6 студент

 

 

 

 
           

2024-2025 оқу жылының ІІ жарты жылдығында грантқа ие болған студенттерді құттықтаймыз! Грант иесі болғандығын растайтын куәліктерді а.ж. 27-28 қаңтар күндері алып кету сұралады.

Байланыс телефоны: 8/7292/ 57-12-04

23 января 2025
Маңғыстау облысында үздік мектеп ұжымына 3 лауазымдық жалақы мен қызметтік автокөлік беріледі
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірде білім сапасын арттыру мақсатында жыл сайын «Үздік мектеп ұжымы» рейтингін өткізуді тапсырды.
 
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде білім сапасын арттыруға ерекше назар аударып келеді. Соның аясында облысымызда заман талабына сай Жайлы мектептер салынып жатыр. Енді сол мектептердегі білім деңгейін көтеру мақсатында жыл сайын рейтинг жасап, «Табысты мектеп» жобасын іске қосуды ұйғардық. Біз ұстаздар мен оқушылардың ынтасы мен жігерін арттыруды, шығармашылық қабілеттерін ашуды мақсат тұтып отырмыз, - деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
 
Жобаның мақсаты - білім беру ұйымдарындағы үздік іс-тәжірибелерді насихаттау және мектептердің жетістіктерін анықтау, мектепаралық бәсекелестікті дамыту.
 
«Табысты мектеп» жобасы оқу жылының көрсеткіштері негізінде қорытындыланады.
 
Көрсеткіштері жоғары үздік мектептерге:
- 1 орынға - мектеп директорына қызметтік автокөлік беріледі және мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 3 лауазымдық жалақымен марапатталады;
- 2 орынға - мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 2 лауазымдық жалақымен марапатталады;
- 3 орынға - мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 1 лауазымдық жалақымен марапатталады.
21 января 2025
Жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін 2024-2025 оқу жылына жергілікті бюджеттен бөлінген білім беру гранттарының босаған орындарына конкурс өткізу бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін 2024-2025 оқу жылына жергілікті бюджеттен бөлінген білім беру гранттарының босаған орындарына конкурс өткізу бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Жергілікті бюджет есебінен 2024-2025 оқу жылына бөлінген білім беру гранттарының І жарты жылдық қорытындысы бойынша төмендегі босаған орындарға конкурс жарияланады.

Жоғары оқу орындарының атауы

«Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша босаған орындар саны

1

Астана медицина университеті

3

2

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

1

3

С. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті

2

Босаған орындар конкурсына жоғары оқу орындары ұсынған, үлгерімінің GPA орташа балы жоғары, ақылы негізде оқып жатқан Маңғыстау облысының студенттері қатысады.

Конкурс комиссиясының отырысы – ағымдағы жылғы 23-24 қаңтар.    

Байланыс телефоны: 8/7292/ 57-12-04

 

Астана медицина университетінде 2024-2025 оқу-жылындағы  «Медицина»  білім беру бағдарламасында ақылы негізінде білім алатын, І жарты жылдық қорытындысымен үлгерімінің GPA орташа балы жоғары, ақылы негізде оқып жатқан Маңғыстау облысының студенттер тізімі

 Студенттің аты -  жөні /                    Ф.И.О. студента 

курсы

GPA

Ескертпе/ Примечание

1

Есет Альбина Батырбекқызы

1

3,41

 

2

Абдераш Ұлжан Серикқызы

1

3,41

 

3

Сабен Асылбек Мұхамбекұлы

1

3,11

 

4

Даулбай Әбілхайыр Нұрлыбайұлы

1

3,05

 

5

Жұмабек Данияр Нұрланұлы

1

3,0

 

6

Гайни Диас Гайниұлы

1

2,97

 

7

Комекова Акниет Кайратовна

1

2,91

 

8

Алдаберген Амина Баймуратқызы

1

2,85

 

9

Калимова Альбина Ерболовна

1

2,67

Емтиханды қайта тапсырды

10

Жумажанова Нурай Нурлановна

1

2,62

 

11

Имангалиев Рауан Жалгасханұлы

1

2,52

 

12

Иманғали Назгүл Едигеқызы

1

2,52

 

13

Оразғұл Ақелік Қуанбекқызы

1

2,4

 

14

Оңалбаев Жанәділ Ернұрұлы

1

2,31

 

 

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде 2024-2025 оқу-жылындағы  «Медицина»  білім беру бағдарламасында ақылы негізінде білім алатын, І жарты жылдық қорытындысымен үлгерімінің GPA орташа балы жоғары, ақылы негізде оқып жатқан Маңғыстау облысының студенттер тізімі

Студенттің аты-жөні

Курсы, бөлімі

Оқу үлгерімі (GPA)

1.     

Өскінбай Ләйлә Нұрбекқызы

1 курс, қазақ

3.27

2.     

Жұмабай Айтолқын Маликқызы

1 курс, қазақ

3.1

3.     

Каналбаев Айбат Кенесбайулы

1 курс, қазақ

3.05

4.     

Сағадатова Саян Сағадатқызы

1 курс, қазақ

3.01

5.     

Абдуллаев Ерлан Усенулы

1 курс, қазақ

2.86

6.     

Мендыбаева Дария Амангельдықызы

1 курс, қазақ

2.82

7.     

Джолдибай Диана Алашқызы

1 курс, қазақ

2.8

8.     

Аралбай Айдана Раманқызы

1 курс, қазақ

2.76

9.     

Алдабергенова Назира Бакытовна

1 курс, қазақ

2.74

10.  

Қылышбай Данияр Талғатұлы

1 курс, қазақ

2.74

11.  

Ізберген Бекболат Шегірбайұлы

1 курс, қазақ

2.7

12.  

Кенжебай Нұрсұлтан Илиясұлы

1 курс, қазақ

2.68

 

С. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінде 2024-2025 оқу-жылындағы  «Медицина»  білім беру бағдарламасында ақылы негізінде білім алатын, І жарты жылдық қорытындысымен үлгерімінің GPA орташа балы жоғары, ақылы негізде оқып жатқан Маңғыстау облысының студенттер тізімі

 Студенттің аты -  жөні /                    Ф.И.О. студента 

курсы

GPA

Ескертпе/ Примечание

1

Абай Аида Джошыханқызы

1

3,27

 

2

Досым Ұлдай Жанпейсқызы

1

3,13

 

3

Сайнова Жайна Ғаниқызы

1

3,06

 

4

Жексембек Зарина Амалбекқызы

1

2,8

 

5

Жұмахан Ұлан Мусадинұлы

1

2,81

 

6

Кожабаева Ания Мерекеевна

1

2,78

 

7

Есболай Абылхайыр Сырымұлы

1

2,68

 

8

Абилова Кумисай Бегарисовна

1

2,43

 

21 января 2025
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы»: тағы 50 резервист басшылық қызметке тағайындалды
✍🏻 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен оқытуға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы жүзеге асырылуда.
 
📁 Бағдарламаның бірінші жылында 207 қатысушы республикалық кадр резервіне алынды, оның 180-і мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары болып тағайындалды. Ал 2024 жылы аяқталған екінші лектің нәтижесінде 376 педагог қабылданды. Олардың 50-і мектеп директоры, 40-қа жуығы директордың орынбасары қызметіне кірісіп кетті.
 
💼 Жобаға қатысушылардың бірі - Мейрам Бектеміров. Петропавл қаласындағы қалалық мектепте жұмыс істегеннен кейін 2025 жылдың қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы ауылдық мектептің директорына тағайындалды.
 
«Мен жоба туралы өткен жылы біліп, белсенді түрде дайындала бастадым. Бұл педагогтер үшін үлкен мүмкіндік. Іріктеудің барлық кезеңдерінен сүрінбей өттім. Байқаудың кәсіби шеберлікті ғана бағалап қоймай, күнделікті тапсырмаларға жаңаша көзқараспен қарауға көмектесетінін түсіндім. Бұл тәжірибе басқа тәсілдерді ойлап табуға және кәсібилігімді байытуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда мектебімізде оқу үдерісін ұйымдастыруды айтарлықтай жеңілдететін ASC Timetable жүйесін пайдалана отырып, инновациялық жоспарлау бағдарламасы енгізілуде. Өңірдегі әріптестеріммен тәжірибемді бөлісемін,- деді Мейрам Бектеміров.
 
📊 Айта кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісімен жобаны жүзеге асыруда. 2024 жылы жобаға қатысуға ниет білдірушілер саны алдыңғы жылға қарағанда 2,5 есеге артқан. Бағдарламаға балабақша, мектеп және колледж мұғалімдері қатысуда.
 
📌 Іріктеу бес кезең бойынша өтті: кәсіби және басқарушылық құзыреттерді бағалау бойынша тестілеу, оқу, еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және республикалық комиссиядан әңгімелесуден өту.
21 января 2025
Ақтауда озық үлгідегі “Жайлы мектеп” ашылды
Бүгін, 20 қаңтар күні, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақтау қаласының 17-ші жаңа шағынауданында жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
 
Бұл жыл басынан бері Маңғыстау облысында ашылған екінші жайлы мектеп.
 
Шараға өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай, облыс мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев, қоғам қайраткерлері мен білім саласының ардагерлері, мемлекеттік білім беру ұйымдарының өкілдері және ата-аналар қатысты.
 
Салтанатты шарада жаңа мектептің ашылуымен құттықтаған ардагер ұстаздар білімді ұрпақ – елдің ертеңі мен болашағы екенін айтып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуда ұстаздарға артылатын жүктің маңыздылығын атап өтті.
 
Жалпы аумағы 10 400 шаршы метрді құрайтын жаңа білім ордасы 900 орынға шақталған. Қазір мұнда екі ауысымда 1 908 оқушы білім алуда. Оларға 143 педагог сапалы білім бермек.
 
Мектеп 53 заманауи пән кабинетімен жабдықталған. Оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін STEM зертханалары, қыш өнері, визуалды дизайн және хореография кабинеттері бар. Сонымен қатар ерекше білімді қажет ететін оқушылар үшін сенсорлық кабинет, логопед, дефектолог және психолог кабинеттері соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілген.
 
Жалпы, биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Маңғыстау облысында 13 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде Ақтаудың 17, 19 және 33-ші шағынаудандарында, сондай-ақ Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы Хазар шағынауданында 4 500 орындық 4 мектептің құрылысы аяқталды.
 
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
14 января 2025
Маңғыстау облысының білім басқармасы бос лауазымдарға конкурс жариялауда:

Маңғыстау облсының білім басқармасы келесідей бос лауазымдарға конкурс жариялауда:

  • Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің жалпы білім және мемлекеттік қызмет көрсету секторының мектепке дейінгі мекемелер жөніндегі бас маманы, D-R-4 санаты;
  • Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің жалпы білім және мемлекеттік қызмет көрсету секторының бас маманы, D-R-4 санаты;
  • Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің жалпы білім және мемлекеттік қызмет көрсету секторының меңгерушісі , Д-R-3 санаты;
  • Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі басшысының орынбасары (негізгі қызметкердің 10.2025 жылға дейін бала күтіміндегі демалыс кезеңіне), D-R-2 санаты;
  • Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің бала құқығы және тәрбие ісі бойынша секторының меңгерушісі , D-R-3 санаты;
  • Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің экономика және қаржы секторының қаржы және мемлекеттік сатып алу бойынша бас маманы (негізгі қызметкердің 09.02.2026 жылға дейін бала күтіміндегі демалыс кезеңіне), D-R-4 санаты;
  • Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің тәрбие ісі және бала құқығын қорғау жөніндегі бас маманы, D-R-4 санаты.

Толық ақпаратты https://www.eqyzmet.gov.kz сайтынан біле аласыздар.

13 января 2025
Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» ашылды

Бүгін, 13 қаңтарда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бастау алған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақтау қаласының 33-ші шағынауданында орналасқан №33 жалпы білім беретін мектептің ашылу салтанаты өтті.

Жаңа мектеп заманауи 66 пән кабинетімен, оның ішінде STEM-зертханалар, қыш өнері, визуалды дизайн, хореография сияқты шығармашылық бағыттарға арналған кабинеттермен жабдықталған.

Қазіргі уақытта мектепте 825 оқушы білім алып жатыр. Оларға 68 педагог қызмет көрсетуде, оның ішінде 7 мұғалім ауысу тәртібімен келген. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін сенсорлық кабинет, логопед, дефектолог және психолог кабинеттері соңғы үлгіде жабдықталған.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, облыстық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік білім беру ұйымдарының өкілдері, мердігер мекеме және ата-аналар қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев аймақ басшысының атынан жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

- Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы сәтті жүзеге асып жатыр. Балалардың сапалы білім алуы үшін мектептер заманауи және жайлы болуы тиіс. Бұл – біздің болашағымыздың кепілі. Президентіміз атап өткендей, орта білім беру деңгейінің сапасын арттыру – ұлттық болашағымыз үшін маңызды қадам. Осындай мектептердің іске қосылып жатқаны бізді қуантады. Жас ұрпаққа білім жолында сәттілік тілеймін, – деді Аббат Өрісбаев.

Айта кетейік, биыл Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 13 мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде Ақтау қаласының 17, 19 және 33-ші шағын аудандарында, сондай-ақ Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы Хазар шағын ауданында 4500 орындық 4 мектептің құрылысы аяқталды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Социальные сети
Маңғыстау облысының білім басқармасы
Маңғыстау - education білім
МО Білім басқармасы
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы