Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
09 сентября 2024
Маңғыстаулық педагогтер біліктілігін арттырды
06 сентября 2024
Д. Жұмашева аудан, қала бойынша білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарының басшыларымен онлайн жиналыс өткізді.
Бүгін, 5 қыркүйек күні білім басқармасының басшысы Д. Жұмашева аудан, қала бойынша білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарының басшыларымен онлайн жиналыс өткізді.
 
Аталған жиналыста Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процессін ұйымдастыру және т.б. мәселелер талқыланды.
 
Жиналыс барысында басқарма басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын ұжымдарда талқылау, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын қатаң бақылау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда шаралар қабылдау, оның ішінде педагогтерді жұмысқа қабылдау кезінде қолданыстағы талаптарды қатаң сақтау, әлеуметтік желіде білім беру ұйымдарының ашықтығын қамтамасыз ету, білім сапасын арттырудағы жобаларды тиісті дәрежеде ұйымдастыруды және т.б. тапсырды.
05 сентября 2024
5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне орай барлық оқушылар, студенттер, мұғалімдер мен қызметкерлерінің қатысуымен жалпықазақстандық ашық диктант жазылды.
📝Бүгін, 5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне орай барлық оқушылар, студенттер, мұғалімдер мен қызметкерлерінің қатысуымен жалпықазақстандық ашық диктант жазылды.
 
💬Диктант мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың биыл 130 жыл толуына орай, «Тұрар Рысқұлов – тарихи тұлға» атты тақырыбындағы мәтінге жазылды.
 
♦Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу және мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткен шараға білім саласы белсенді қатысты.
04 сентября 2024
«МЕНІҢ ОТАНЫМ– ҚАЗАҚСТАН»
Ағымдағы жылдың облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1-11 сыныптарда «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында біріңғай алғашқы сынып сағаттары өтті.
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту, Отаның, туған жерін қорғай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу, ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту мақсатында тәрбие сағаттар ұйыдастырылды.
Тәрбие сағаттарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасындағы «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік», «Бірлік және Ынтымақ» құндылықтарына басты назар аударылды.
Сонымен қатар, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, сынып сағаттарында қауіпсіздік шаралары қамтылды.
 
02 сентября 2024
Маңғыстаудың мектептерінде «Жас сақшы» полиция сыныптары ашылды
Бүгінгі мерекеде облысымызда кішкентай полицейлер тобынан құралған «Жас сақшы» полиция сыныбының салтанатты түрде тұсауы кесілді.
 
Соның ішінде, өңір орталығы — Ақтау қаласының жалпы білім беретін орта мектептерінде қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлері - М.Төребай мен Ә.Тұрсынбековтің атына арналған жас полицейлер сыныбы ашылды.
 
«Жас сақшы» жобасының басты мақсаты — жасөспірімдер арасындағы тәртіпті қадағалау, құқық бұзушылықтарды болдырмау және өз ісіне адал аға буынның қызметін жас ұрпаққа дәріптеу.
 
Сонымен қатар облыс бойынша 9 мектепте полицейлер сыныбы ашылды.
02 сентября 2024
Білім күні және жаңа оқу жылының басталуы құтты болсын!
29 августа 2024
Д. Жұмашева аудан, қала бойынша білім бөлімдерінің басшыларымен «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы бойынша жиналыс өткізді.
Білім басқармасының басшысы Д. Жұмашева аудан, қала бойынша білім бөлімдерінің басшыларымен «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы бойынша жиналыс өткізді.
 
Жиналыста басқарма басшысы аталған пилоттық жобаны тиісті дәрежеде іске асыруды, мектептерде аппараттық- бағдарламалық кешенді орнату жұмыстарын аяқтауды және ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
 
Өткен оқу жылында облыс бойынша 31 мектепте «Медиана» ЖШС-і арқылы «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы іске қосылды.
 
2024-2025 оқу жылының басында облыс бойынша тағы 30 мектепті қосып, барлығы 61 мектепті аталған жобаға енгізіледі.
 
Сонымен қатар, жыл соңына дейін тағы да 38 мектеп жобаға қосылатын болады.
 
Осы мақсатта тиісті жұмыстар жасалуда (конкурс рәсімдері, бағдарламаны орнату, т.б.).
 
Осылайша, 2024 жылдың соңына дейін барлығы 99 мектеп. «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасымен жұмыс жасайтын болады.
 
Жұмысты сапалы ұйымдастыруда ҚР Оқу-ағарту министрлігімен білімбасқармасы арасында екі жақты Меморандум жасақталды.
29 августа 2024
Алғашқы әскери және технологиялық дайындык пәні бойынша үш күндік оқу-әдістемелік семинар өтті
2024 жылдың 26-28 тамыз күндері Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті Білім басқармасының қолдауымен Алғашқы әскери және технологиялық дайындык пәні бойынша ұйымдастырушы-оқытушылармен үш күндік оқу-әдістемелік семинар өткізді.
 
Бүгін М. Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында іс-шараның қорытынды кезеңі ұйымдастырылып, оған Маңғыстау облысының ҚІЖД бастығы полковник Р. Балтемиров, Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Д. Жұмашева, «ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық, қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы, запастағы полковник Н. Қонақбаев қатысты.
 
Департамент бастығы Білім басқармасының басшысы Д. Жұмашеваға және ұйымдастырушы оқытушыларға төсбелгі мен алғыс хаттар табыстап, әскери жэне технологиялық дайындық пәні бойынша ұйымдастырушы-оқытушыларға алғысын білдірді.
28 августа 2024
Білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева қоғамдық кеңесте 2023-2024 оқу жылының қорытындысы және 2024-2025 оқу жылына жоспарлар туралы баяндады.
Бүгін, 26 тамыз күні білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева қоғамдық кеңесте 2023-2024 оқу жылының қорытындысы және 2024-2025 оқу жылына жоспарлар туралы баяндады.
 
Баяндама барысында басқарма басшысы Динара Жұмашева мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім, қосымша, техникалық және кәсіптік біліммен қамту, мектептердің материалдық-техникалық базасының жабдықталуы, балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру, балаларды әлеуметтік қолдау, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, педагогтермен қамту және т.б. мәселелер көтерді.
«Өңірде бала туу және ішкі көші-қон көрсеткішінің артуына байланысты жыл сайын оқушылар контингенті орта есеппен 6-7 мың балаға өсіп отыр. Мектеп оқушылары өткен жылмен салыстырғанда 3%, ал соңғы 3 жылда 7 % артып отыр. Өткен оқу жылында 188 орта білім беру ұйымында 182 мыңнан астам оқушы қамтылса, биылғы жылы 188 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастайды деп жоспарланып отыр.
 
2023-2024 оқу жылында 8 086 оқушы мектептептерді аяқтады.
 
Биыл бірінші сыныпқа 19 мың оқушы қабылдау жоспарланды.
 
Оқушы орындарының тапшылығы 10 435 орынды құрады, 15 мектеп үш ауысыммен жұмыс істеді.
Өткен жылы 3972 орындық 11 жекеменшік мектеп және «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында 125 орындық 1 қосымша құрылыс пайдалануға берілді.
 
Жаңа оқу жылында қыркүйек айында 4900 орындық 5 мектеп, 200 орындық 1 мектепке қосымша құрылыс пайдалануға беріледі.
 
Сонымен қатар, 5645 орындық 12 жекеменшік мектеп ашылып, оқушы қабылдайды – деді басқарма басшысы».
Сондай-ақ, отырыста кеңес мүшелері тарапынан басқарма басшысына білім саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша бірнеше сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
 
Білім басқармасының баспасөз қызметі
28 августа 2024
Облыс әкімі Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай жұмыс сапарымен Маңғыстау ауданына барды
Облыс әкімі Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай жұмыс сапарымен Маңғыстау ауданына барды.
 
Аймақ басшысы ең алдымен Бекі ауылындағы жаңа оқу жылында ашылатын мектепке барды.
 
Білім ошағы 100 оқушыға арналған, мұнда 11 оқу кабинеті, 2 информатика, 1 лингафон кабинеттері, акт залы, спорт залы бар. Екі қабатты мектеп ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мүгедектер көтергіші орнатылған. Білім ордасының аумағы заманға сай абаттандырылып, спорттық алаңдар салынған.
 
Одан соң Нұрләулет Игілікұлы Онды ауылындағы Әбіш Кекілбайұлы атындағы мектепте болды.
 
Биыл аталған мектеп облыстағы басталған «50 тіректі мектеп: Отпан» жобасына енді. Жоба аясында білім ордасы жаңа 15 кабинетпен жабдықталып, техникалық базасы жаңартылады.
Социальные сети
Маңғыстау облысының білім басқармасы
Маңғыстау - education білім
МО Білім басқармасы
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты