Хабарландыру Арнаулы білім беру ұйымдары

«Маңғыстау облысы  білім басқармасы» ММ 130000,  Ақтау қ, 3 б ш/а, 52, анықтама телефоны: 8 (7292) 571216, электрондық мекенжайы: bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz  25.09.2024 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

  1. Маңғыстау облысы білім басқармасының «Шетпе-психологиялық-

педагогикалық түзеу кабинеті»   коммуналдық мемлекеттік мекемесі меңгерушісі (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 256738 теңгеден 309785  теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130400 Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Орталық шағын ауданы, ғимарат 67/1  телефон нөмірі: 8 (72931 2-2069);

  1. Маңғыстау облысы білім басқармасының «Мұнайлы-

психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі меңгерушісі (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 256738  теңгеден 309785  теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130006 Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Маңғыстау -5 тұрғын үй алабы, құрылыс 15/5 телефон нөмірі: 8 (7292 46-59-36);

  1. Маңғыстау облысы білім басқармасының  «Бейнеу аудандық

психологиялық- медициналық- педагогикалық консультациясы»   коммуналдық мемлекеттік мекемесі меңгерушісі (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 256738  теңгеден 309785  теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130100 Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Досан Тәжіұлы көшесі, 11 В ғимарат; телефон нөмірі: 8 (72932 2-20-65);

  1. Маңғыстау облысы білім басқармасының  «Қарақия аудандық

психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті»   коммуналдық мемлекеттік мекемесі меңгерушісі (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 260807 теңгеден 309032  теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130300 Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, 2 шағын аудан, 55 ғимарат, телефон нөмірі: 8 (72937 5-23-80);

  1. Маңғыстау облысы білім басқармасының  «Форт-Шевченко

психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі меңгерушісі (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 260807 теңгеден 309032  теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130500 Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, О. Бозақаров көшесі, 42 құрылыс.

Конкурсты өткізу орны: Ақтау  қаласы, 3 б шағын аудан,  № 52 ғимарат.

Конкурсты өткізу күні: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы  № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына сәйкес өтеді.

Функционалдық міндеттері:

арнайы білім беру ұйымының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;

      білім беру ұйымының даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, түзету-дамыту және жеке бағдарламаларды бекітеді;

      педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;

      педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;

      білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

      білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жағдай жасайды;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға қатысады;

      білім беру процесінде балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультация береді;

      әдістемелік жұмысты басқарады;

      құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, арнайы оқу және медициналық жабдықпен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді;

      бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халық арасында, педагог қызметкерлер арасында педагогтерді, медициналық және басқа да қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарларда, курстарда дефектологиялық білімді тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      педагогтар мен мамандардың сапалы жұмысын қамтамасыз етеді;

      ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;

      өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;

      барлық органдарда арнаулы білім беру ұйымының мүддесін білдіреді;

      компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

      педагог кадрларды және қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;

       педагогикалық кеңесті басқарады;

      жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады.

Біліктілікке қойылатын талаптар:  

      "Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;

      және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;

      аутизмі бар балаларды қолдау орталықтары (autism-орталық) үшін жұмыс өтілі арнайы білім беру ұйымдарында немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарында (аустим (autism) -орталық) кемінде бір жыл немесе арнайы білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталығының (аустим (autism) -орталық) басшысы лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизм орталықтарының бөлімшелері немесе аутизм орталықтарында лауазым бағыты бойынша педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтар үшін;

      осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Білу керек:       Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және арнайы (түзету) білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;

      педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;

       арнайы педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;

      педагогикалық этиканың нормаларын;

       экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

 

 

 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

          Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді:

 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;

10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

11) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

12) түйіндеме;

13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

 

          Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:

1) кызмет көрсету кеңсесі Ақтау қ,  3 б ш/а, 52  ғимарат, кабинет 104, телефон:  8 (7292) 571216,.

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
3-қосымша

 

Нысан

 

____________________________
конкурс жариялаған
мемлекеттік орган
____________________________
/ Кандидаттың Т. А. Ә,
(бар болса)
____________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
____________________________
Нақты тұрғылықты жері,
тіркелген мекенжайы,
байланыс телефоны

Өтініш

      Мені _______________________________________________________________

      (білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)

__________________________________________________________________

      бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.

      Қазіргі кезде ____________________________________________________

                  (лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл)

      жұмыс істеймін.

      Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы

 

 

 

 

 

 

       Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні):

     ________________________________________________________________

       Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ___________

      Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) _____________________________________

       "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.

       Мен келісемін ____________________________________________________

      (ТАӘ (бар болса)) (қолы)

      "____"______________20___жыл __________ /қолы/

 

 

Хабарландыру Арнаулы білім беру ұйымдары
Дата публикации
04 марта 2025