ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру

2023 жылғы 22 желтоқсан күні ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесудің мекен жайы: Ақтау қаласы, 34 шағынаудан, «Достық үйінің» ғимараты.

08.30 – 09.30 – азаматтарды жеке қабылдау;
09.30 – 11.00 – халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
11.00 – 11.30 – өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.

Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі Маңғыстау облысы әкімдігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөмірі: 8 (701) 100 44 66, және электрондық мекен-жайға: s.koblashov@ecogeo.gov.kz

Жеке қабылдауға жазылу үшін тел. 8 (701) 100 44 66 арқылы хабарласуды сұраймыз.

Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар министріне сұрақ қоюға шақырамыз.

#халықпенкездесу