Экологиялық мәдениет пен білімді қалыптастыру

Экологиялық мәдениет пен білімді қалыптастыру

Экологиялық мәдениет пен білімді қалыптастыру мақсатында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен Есенов университетінің студенттері қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату, көму жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда, қала бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаумен айналысатын 10-нан астам кәсіпкерлер бар. Солардың бірі "Eco Waste Aktau" ЖШС.

"Eco Waste Aktau" ЖШС макулатура, пластикалық бұйымдар, техникалық бұйымдар, полиэтилен пакеттерін жинаумен айналысады. Сонымен қатар, Мұнайлы ауданы, Баянды ауылындағы қоқыс полигонындағы сұрыптау, жинау, көму жұмыстарымен танысты. Студенттер экологиялық сауаттылықты арттыру үшін, аталған шаралардың көптеп өткізу қажеттілігін атап өтті.