Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

 Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік  мекемесі тұрақты жер пайдалану құқығымен берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру және жануарлар дүниесін қорғау бойынша функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130101, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылы, «Егемендік» көшесі, № 21 ғимарат.

Анықтама телефоны: 8/72932/34-4-98, электрондық мекен-жайы: k.borankulova@mangystau.gov.kz

          

Бос лауазымның атауы

лауазымдық еңбек ақы көлемі

min

max

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің директоры

134 431

158 355

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

- кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: орман шаруашылығы (орман ресурстары және орман өсіру), қоршаған орта (экология) және бейінге сәйкес келетін ұйымдарда басшы лауазымдарда (орман күтуші, директордың орынбасары) жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы.

 

Лауазымдық міндеттері:

- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мекеменің өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;

- шаруашылық қызметтің барлық саласы бойынша өндірістік жоспарларды бекітеді;

- ормандар мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік күзетінің жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, ормандар мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік күзетіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы үшін дербес жауапкершілікте болады;

- ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру, орман пайдалануды реттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

- ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын, ұжымда жайлы психологиялық ахуал орнату бойынша шаралар қабылдайды.

 

Білуге тиіс:

- 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын;

- 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексін;

- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;

- Қазақстан Республикасының Заңдарын: "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы; "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы;

- орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және заңға қосымша нормативтік құқықтық актілерін;

- еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, ішкі еңбек тәртібін;

- өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік тәртібін.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланымынан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн өткеннен кейін аяқталады.

Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін біліктілікті бағалауды жүргізеді.

Ұйым кандидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту туралы, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы хабардар етеді. Бұл ретте әңгімелесу өтетін күн кандидаттардың әңгімелесуге келуі үшін қажетті уақытты қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді;

2) біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді.

 

Конкурстың өткізілетін орны:

Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 130000, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй, 2 қабаттағы конференц залы, анықтама телефоны: 8 7292 43-10-88, электрондық мекен-жайы: moup@mangystau.gov.kz

 

____________________________________________________________________