Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі  жөніндегі «Парыз» конкурсы
Маңғыстау облысың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес, 2021 жыл бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын (бұдан әрі-Конкурс) ұйымдастыру басталғанын хабарлайды.
 
Конкурсты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырады.
Конкурс «Экологияға қосқан үлесі үшін» және тағы да үш номинациядан, бір арнайы сыйақыдан тұрады.
«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.
Конкурс лауреаты атағына үміткерлер материалдарды ресімдеп, Маңғыстау облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қағаз және электронды жеткізгіштер арқылы ұсынады.
Іс-шараларды өткізудің маңыздылығын ескере отырып, облыстың барлық кәсіпкерлерін «Парыз» конкурсына белсенді қатысуға шақырады.
Конкурс жөнінде толық ақпарат алу үшін Маңғыстау облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 8 (7292) 60-52-53 телефоны арқылы хабаласуға болады.