Ақтау қаласының тұрғыны жағымсыз иіске шағымданды

Ақтау қаласының тұрғыны жағымсыз иіске шағымданды

Қала тұрғынының айтуынша, қолқаны қабатын сасық иіске байланысты уәкілетті органдарға шағымдануға тура келген. "Қазгидромет" РМК Маңғыстау филиалы, облыстық экология департаменті зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің және Ақтау қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары тұрғынның уәжін тыңдады.

Маңғыстау облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Раушан Төлеповвның айтуынша, бір апта бойы Ақтау қаласы аумағынан атмосфералық ауадан сынама алынып, мониторинг жүргізілді. Апталық бақылау қортындысы бойынша атмосфералық ауа сапасында жоғары ластауыш көрсеткіштері анықталмады.

Үстіміздегі жылдың 30 маусым күні Air.kz қосымшасында күкіртсутегі жоғары деңгей көрсетуіне байланысты «Казгидромет» мекемесінің өкілі, арыз беруші қала тұрғынымен бірге жағымсыз иіс шығу өзегін анықтау мақсатында, атмосфералық ауадан сынама алынды. Алынған сынамалардан ластауштың шектеулі рауалы концентрациядан тыс асуы анықталмады.

"Қазгидромет" РМК Маңғыстау филиалы директорының орынбасары Нұрлан Сарсенбаев "Aqtau.tv" телеарнасының тілшісіне берген сұқбатында қоршаған орта жағдайын зерттеу және ауа-райының ластануының себеп-салдарын анықтау мақсатында атмосфералық ауаның жай-күйіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі деп сендірді.