«Ecology - adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің кезекті отырысында Ащыбұлақ ауылы тұрғындарының арызы қаралды

«Ecology - adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің кезекті отырысында Ащыбұлақ ауылы тұрғындарының арызы қаралды

«Ecology - adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әсет Мановтың төрағалығымен кезекті отырыс өтіп,  Маңғыстау ауданы Ащыбұлақ ауылы тұрғындарының "Евразия" ЖШС өндірістік базасына қатысты уәжі тыңдалды. Маңғыстау ауданының тұрғыны Гүлбану Жаңбырбаеваның айтуынша, компания тұрғындардың талаптарын ұзақ уақыттын бері елемей келе жатқан көрінеді.

Оның айтуынша, ауыр техника үзіліссіз жұмыс істейді және қоршаған ортаның ластануына себепші болып отыр. Ауыр жүк көліктері әрі-бері қатынап, аулалар үнемі шаңға батады. Сондай-ақ, экологтарға автокөліктердің пайдаланыған доңғалақтарын өртеп, қара түтінге айналдырпып ауа райының ластанғаны туралы түсірілген фото және бейне  түсірілімдер көрсетілді.

«Ауыр техникалар біздің үйлердің маңынан жүреді және бұл әрекет компания үшін қалыпты жағдайға айналған. Біздің ауламызда үнемі шаң-тозаң болып жатады. Кейде  тіпті демалу мүмкін емес. Біз бірнеше рет билікке жүгіндік - алайда ешқандай нәтиже жоқ. Барлығы жауапкершілікті бір-біріне сілтеуден жалықпайды. Біз шағын және орта бизнестің дамуына қарсы емеспіз. Алайда кәсіпкерлер тұрғындардың пікірін ескеріп, кері байланыс ортанып, диалог орнатуға мүдделі боулы тиіс», - дейді ол.


Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Асқар Аққұлов пен «Еуразия» компаниясының өкілі Батыржан Жаңабаев жергілікті тұрғындардың проблемаларынан хабардар екендігін, қазіргі уақытта мәселені шешу жолдарын қарастырып жатқандығын айтады.

«Рас, тұрғындар бұл мәселені көтеріп жүргінен жақсы білеміз. Кез-келген мәселені шешу уақытты талап етеді. Біз жергілікті әкімдікке өнеркәсіп базасын көшіру мақсатында басқа жер учаскесін бөлу жөнінде өтініш-хат түсірдік. Жаңа учаске бөлінсе өндірістік базамызды көшіруге дайынбыз", - деп сендірді "Евразия" компаниясының өкілі  Батыржан Жаңабаев.

Тараптар дауды сындарлы және заң шеңберінде шешу керек деп келісті. Аудандық әкімдік өнеркәсіп базасын ауылдан мейлінше алыста орналастыру үшін тиісті құжаттарды рәсімдеуге ықпал етуге дайын. Ол үшін шамамен бір айға жуық уақыт қажет. Ал «Ecology - adaldyq alańy» жобалық кеңсесі кәсіпкерлік субъектісінің халық алдындағы міндеттемелерін орындауын өз бақылауда ұстайды.