Өңірдің қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық жағдайын жақсартуға қосқан үлесі үшін Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Ербол Әлібеков Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың алғыс хатымен марапатталды.
Өңір басшысының алғыс хатын табыстаған ведомства жетекшісі Дүйсен Құсбеков, басқарманың бас маманы Ербол Әлібековтың болашағынан зор үміт күттіретін экологтың бірі екендігін атап өтті. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз және бұдан да биік толағай табыстарға жете беруіне тілек білдіреміз.