Каспий теңізінің жағалауы қоқыстан тазартылды

Каспий теңізінің жағалауы қоқыстан тазартылды
5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Дүйсен Құсбеков бастаған Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұжымы теңіз жағалауында сенбілік өткізді.
 
Теңіз жағалауын күл-қоқыстан тазарту жұмыстарын "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ұжымы мен балықшылар қолдады. Барлығы 60 қапшық қоқыс шығарылды. Шараға тазалық сақшылары үлкен көңіл-күймен қатысты. 
"Тазалық алдымен әр адамның өзі үшін керек. Қоршаған ортаға құрметпен қарап, таза ұстайық деген тілегім бар. Әр адам тазалықты сақтаса, нұр үстіне нұр болар еді", - дейді басқарма басшысы.