Әділбек Қозыбақов Орталық Азия бойынша Рамсар аймақтық бастамасының үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды

Әділбек Қозыбақов Орталық Азия бойынша Рамсар аймақтық бастамасының үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды

Жуырда Орталық Азия бойынша Рамсар аймақтық бастамасының үйлестіру комитетінің жыл сайынғы онлайн-отырысы өтті. Отырыс 2016-2021 жылдарға арналған жұмыстардың қорытындыларын шығаруға арналды және осы Халықаралық Ұйымның Орталық Азияда пайда болуының 5 жылдығы мен Рамсар конвенциясының стратегиялық бағыттары шеңберінде одан әрі дамытуға арналған мерейтойлық кездесуді жоспарлауға арналды. 

Отырысқа 14 адам қатысты: Рамсар конвенциясының орталық нүктелері және Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан Республикаларынан ұсынылған мүшелері, сондай-ақ Ресейдің Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры сияқты бақылаушы ұйымдардың өкілдері мен «Табиғи орта» Батыс-Қазақстандық ҮЕҰ аймақтық қауымдастығының байқаушылары өз ойларын ортаға салды. 
Қатысушылар бастаманың жұмысының нәтижелерін талқылады және оларды 21 шілдеде өтетін халықаралық ұйымның мерейтойлық жиналысында қалай ұсынатындықтары туралы келісімге келді. Ұйым құрамы аймақтық елдердің жаңа сарапшылары есебінен кеңейтілді, оларға 2021-2024 жылдарға арналған жаңа жұмыс жоспары берілді және ұйымның бекітілген ережесіне сәйкес қайта сайланды. Жаңа мерзімге басшылығы: төраға, төраға орынбасары және техникалық хатшы.
Максим Митропольский (Өзбекстан) ұйымның төрағасы болып сайланды, ол соңғы үш жылда осы қызметті атқарған Рустамов Эльдар Анверұлының орнына (Түркіменстан) сайланды.
Осы жылдар ішінде Эльдар Рустамов ұйымның бірнеше аймақтық жобаларын жүзеге асырды, тараптардың және Ramsar ұйымының конференцияларына белсенді қатысты, Хатшылықтың бақылау комитеттерінің отырыстарына қатысып, Орталық Азияның мәртебесін өзекті мәселелер бойынша сенімді түрде нығайтуға мүмкіндік жасауға, халықаралық деңгейде сулы-батпақты жерлерді сақтау және ұтымды пайдалану бойынша біраз тер төкті. 
Максим Митропольский - биоалуантүрлілікті сақтау бойынша халықаралық деңгейдегі сарапшы. Өзбекстанда ол Рамсар конвенциясының (коммуникация, білім беру, қоғамды ақпараттандыру) бойынша ұлттық сарапшысы болып абыройлы қызмет етті.

Асқар Давлетбаковтың (Қырғызстан) орнына Әділбек Қозыбақов (Қазақстан) төраға орынбасары болып сайланды, ол «Табиғи Орта» Батыс-Қазақстандық ҮЕҰ аймақтық қауымдастығы кеңесінің төрағасы, «Nur Otan» партиясының жанынан құрылған Республикалық экологиялық кеңесінің мүшесі және Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы кеңес төрағасы. Ол сондай-ақ тек  Маңғыстау облысында ғана емес, аймақтар арасындағы танымал экологтар қатарында. Оның халық арасында жұмыс істеген мол тәжірибесі бар.

Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық экология департаменті және «Ecojer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығының Маңғыстау өңірлік экологиялық кеңесі Әділбек Мұстажебұлын  осындай жауапты қызметке сайлануымен құттықтайды және одан әрі сәттілік тілейді.