Министрдің "Құрмет грамотасы" табысталды

Министрдің "Құрмет грамотасы" табысталды

"Ecojer" қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығының Маңғыстау өңірлік экологиялық кеңесінің тең төрағасы Рашит Мұстапаев, бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні аясында еліміздің табиғатын қорғау және экологиялық ахуалын жақсартуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың Құрмет грамотасын Маңғыстау өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы Қажымұрат Хайрушевке және Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы "Nazarbayev Intellectual Schools" эко-үйлестірушісі Бақытгүл Жақсылықоваға табыстады.

Сондай-ақ, кеңестің басқа да мүшелері назардан тыс қалмады, атап айтқанда Әділбек Қозыбақов, Нұрбол Қонжар және Кирилл Осинге "Ecojer" қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ Бас директоры Рүстем Қабжановтың «Алғыс хаттары» табысталды. Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз және толағай табыстар тілейміз.