I және II санаттағы объектілердің операторларымен қоршаған ортаға теріс әсерді азайту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді

I және II санаттағы объектілердің операторларымен қоршаған ортаға теріс әсерді азайту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан I және II санаттағы объектілер операторларының, облыстың экология департаментінің қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында қоршаған ортаға теріс әсерді азайту мәселелері қарастырылды. Объектілер операторларына атмосфераға шығарындыларды 20%-ға дейін төмендету бойынша нақты мақсаттар қойылды. «Таза Қазақстан» акциясын іске асыру аясында осы тұжырымдаманың негізгі бағыттары бойынша іс-шаралар ұсынылды. Атап айтқанда, сенбіліктер ұйымдастыру, экологияны насихаттау және көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән берілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қаракөл аумағында экопарк және қала аумағында скверлер құру бойынша ұсыныстар айтылды. Кездесу барысында ағаш отырғызу – істің аяқталуы емес екені, оларды әрі қарай күтіп-баптау қажеттігі де ерекше атап өтілді.