Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы осы сенбі күні (18.09.2021ж.) өтетін дүниежүзілік «World cleanup Day» тазалық акциясына барша тұрғындарды белсенді қатысуға шақырады.
Бірлесіп заңсыз қоқыс төгілген үйінділерді анықтап жоюға, қоқыстарды қайта сұрыптауға, аумақтарды тазалауға бір кісідей атсалысуға болады. Айта кету керек, "Дүниежүзілік тазалық күні" қоршаған ортанының ластануына және экологиялық ахуалдың жай-күйіне бей-жай қарамайтын табиғат жанашырларын біріктіріп қана қоймайды, сонымен қатар ұжымдық таныту арқылы өңірдің санитарлық ахуалын жақсарту мен одан әрі көріктендіруге септігін тигізбек. Осылайша аймақтың тазалығына барлық тұрғындар мен қонақтар өздерінің үлесін қоса алады!
Отырыста 2020 жылдың және 2021 жылдың 6 айында білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Светлана Төлебаева баяндама жасады.
Оның айтуынша, облыстың білім беру ұйымдарының тәрбие беру бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілікте болады деген облыстағы барлық білім беру ұйымдарының жарғысына енгізілген.
Маңғыстау облысы бойынша барлығы – 163 жалпы орта білім беру ұйымы бар. Оның ішінде – 143 күндізгі, 5 – кешкі, 15 – жекеменшік мектеп. Облыстағы жалпы білім беру ұйымдарының басшылары тоқсан сайын ата-аналар мен ұжымның алдында есеп беру кездесулерін өткізіп отырады. Сонымен қатар 2020-2021 оқу жылының І жартысындағы қамқоршылық кеңесі мүшелеріне атқарған жұмысының есебі туралы жиналыстар өткізілді.
Облыстың білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында 141 мектепте «Адал ұрпақ» клубтары құрылып, оған 50000-нан аса оқушы, 25 колледжде «Саналы ұрпақ» клубтары құрылып, оған 3824 студент (2020 ж. – 1033) қамтылды.
Маңғыстау облысының білім басқармасы және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлескен жұмыстар атқарылуда. «Саналы ұрпақ – Жарқын болашақ» жобасы аясында «Sanaly urpaq» Республикалық жобалық кеңсесінің жұмыс жоспарының үлгісіне сәйкес, колледждермен өңірлік Департамент арасында екі жақты жоспар бекітілді.
2020 жылдан бастап білім саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер 93 % автоматтандырылды. Өтініштер электронды үкімет веб-порталы арқалы қабылданып, арнайы ақпараттық жүйеде өнделеді.Осылайша, жүйе қосылғаннан бері қызмет электронды түрде көрсетілді
Қағаз жүзінде көрсетілетін қызметтер біртіндеп, мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуде. Соның бірі, 2019 жылдан бастап талапкерлерді техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау автоматтандырылды.
Кеңес мүшелері күн тәртібінде көтерілген мәселе бойынша өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауаптарын алып, ұсыныстарын айтты. Айта кету керек, облыстық білім басқармасының басшысы Светлана Төлебаева білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық деректерінің жолын кесу және болдырмау бойынша барлық сұрақтарды өзінің жеке бақылауында ұстап отырғанын тілге тиек етті.