2018 жылы Маңғыстау облысында қоршаған ортаны қорғау мен жақсартуға бағытталған жұмыстар туралы
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 9 мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсетеді. Атап айтсақ:
- Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру;
- Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру;
- Ағаш кесу және орман билетін беру;
- Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу;
- Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы;
- Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиоративтік аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру;
- Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру;
- «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»;
- «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру».
|
Қазіргі кезде жұмыс жасап тұрған 4 (төрт) мемлекеттік қызмет, олар мыналар: |
||||
| кері қайтарылғаны | шыққаны | Барлығы | ||
| 1. | «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» | 243 | 145 | 388 |
| 2. | «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» |
355
|
566 | 888 |
| 3. | «Ағаш кесу және орман билетін беру» | 46 | 46 | |
| 4. | Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру | 68 өтінімді табиғат пайдаланушылар кері қайтарып алған және 22 бас тартылған | 280 | 370 |
| Жиыны | 1692 | |||
Бұдан басқа Басқармада хат алмасу 100 % электронды түрде жүргізіледі.
Басқармаға қарасты Сам орманы ММ-мен көрсетілетін «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметі 2019 жылдан бастап толықтай электронды форматқа көшетін болады.
Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап Геопортал арқылы цифрландыру бағытында Басқарманың ресми сайтын экологиялық ақпараттандыру бойынша кеңейтуді жасақтау жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда:
- Қорықтар атауы (1), ауданы, георафиялық координаталары, қысқаша ақпарат;
- Табиғи парктер атауы (1), ауданы, георафиялық координаталары, қысқаша ақпарат;
- Қаумалдар атауы (9), ауданы, георафиялық координаталары, қысқаша ақпарат;
- Балық шаруашылығы, табиғат пайдаланушылар атауы (18), су айдынының атауы, ауданы, георафиялық координаталары, қысқаша ақпарат;
- Аңшылық алқаптар ауданы (аумағы) және учаске шекаралары (9), георафиялық координаталары, қысқаша ақпарат;
- Орман шаруашылығы мекемелерінің атауы (2), ауданы, георафиялық координаталары, қысқаша ақпарат;
- Бірегей табиғи нысаналар атауы (129), ауданы, георафиялық координаталары, қысқаша ақпараттар басқарманың www.eco.mangystau.gov.kz ресми сайтына енгізіліп халыққа қол жетімді болады.
Жыл басынан бері 8 жиналыс және «Дөңгелек үстел» түрінде шаралар ұйымдастырылды және 2 рет жеке және заңды тұлғалар арасында сауалнама ұйымдастырылды, оған барлығы 300 адам қатысты.
Облыс әкімінің 04.09.2018 жылғы № 204-ө өкімімен «Салық кодексінің талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін және жергілікті бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету» бойынша жұмыс тобы бекітілген.
2018 жылдың қазан айы бойы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аталған жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен жылжымалы түрде барлық аудандарда жоспар бойынша халыққа қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша қызметті электронды алу, қажетті құжаттар бойынша ақпарттар берілді, брошюралар таратылды және экологиялық салық есептілігінің талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс облыс шеңберінде Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және аудан орталықтарында өткізілді. Барлығы 143 мекеме қатысты.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша қазіргі таңда қолданыстағы ІІ, ІІІ және ІV санаттағы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат қағазын рәсімдеген табиғат пайдаланушылардың қызметі барысында бюджетке түсетін жоспарлы қаражат көлемі бойынша ақпарат:
2018 жылы «II, III және IV санаттардағы объектілерге қоршаған ортаға эмиссияларға берілген рұқсаттар мен жоспарлы қаражат көлемінің аудандар бөлінісіндегі саны
|
№ |
Қала,аудандар |
Рұқсат қағазындағы алаңдар саны |
Жоспарланған қаражат көлемі |
|
1 |
Ақтау |
536 |
617 783 424,874 |
|
2 |
Жаңаөзен |
224 |
137 138 430,623 |
|
3 |
Бейнеу |
337 |
780 595 268,163 |
|
4 |
Қарақия |
210 |
948 584 678,41 |
|
5 |
Түпқараған |
211 |
100 913 931,7302 |
|
6 |
Маңғыстау |
230 |
580 043 531,673 |
|
7 |
Мұнайлы |
211 |
64 706 395,377 |
|
Барлығы |
|
1959 |
3 229 765 660,8232 |
Биыл, Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Маңғыстау облысының ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және Маңғыстау облысының кірістер департаментімен бірлескен «Жергілікті бюджет түсімдері орындалысының тиімділігін арттыру мақсатында жасақталған іс-шара жоспары» жасақталды.
«Қошқар-Ата» қалдық қоймасының зиянын бәсеңдету
Облыс бойынша аса күрделі «Қошқар-Ата» қалдық қоймасының экологиялық жағдайын тұрақтандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Уытты қалдықтардың шаңытуын бәсеңдету мақсатында қалдық қоймасына жыл сайын Ақтаудың кәріздік тазарту қондырғысынан шыққан 8-8,5 млн м3 су айдалып келеді.
Оның оңтүстік және оңтүстік-батыс бетінде 2015-2017 жылдары 8,2 га жасыл қорғаныш белдеуі өсірілсе, одан кейін, 2017-2019 жылдары 30 га участокке жасыл белдеу өсіріле бастады. 2018-2020 жылдар аралығында облыс әкімінің қолдауымен тағы да 50 га участокте жасыл қорғаныш белдеуі құрыла бастады. Барлығы 88,2 га – 100%, соның 2018ж – 50% орындалды, 2019ж – 30%, 2020ж – 20%. Қалдық қоймасының ел қоныстанған жиектері жасыл қорғаныш белдеуімен толық қоршалып шыққанға дейін жұмыс жалғаса береді.
«Қошқар-Ата қалдықтар қоймасын қалпына келтіру» І кезең» жұмыс жобасына 2018 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде мемлекет қаржысын тиімді жұмсалуы мақсатында, жүргізген аудиторлық тексерудің нәтижесі бойынша аталған ЖСҚ-ға түзетулер мен өзгерістер енгізу мәселесі қаралып жатыр.
Каспий теңізінің экологиялық мәселелері
Каспийдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыстар қолға алынды. Теңіздің биоресурстарын қорғау мен молайту – қазіргі күннің ең басты талабына айналған кезде балық шаруашылығын дамытудың заманауи әдістері қолға алынған, оларды қаржыландыру көздері іздестірілуде.
«Астана» халықаралық ғылыми кешені «Маңғыстау облысы бойынша экологиялық жағдайды жақсартудың 2026 жылға дейінгі мерзімді қамтитын бағдарламасын» жасақтап аяқтады.
Бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның трансшекаралық Каспий маңы аймағы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және тұрғындарының өмір тіршілігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізі ретінде Маңғыстау облысы және КТҚС іргелес бөлігінің әлеуметтік-экономикалық дамуының, экологиялық және геосаяси қауіпсіздігінің негізгі бағыттарын анықтау.
«Маңғыстау облысы шегінде Каспий теңізінің қазақстандық секторының және жағалауының тұрақты дамуының ғылыми-қолданбалы зерттеулері кешенді бағдарламасына» келіп түскен ғылыми-қолданбалы зерттеу жобаларын толық талдағаннан кейін 27 жоба қосылды.
Ғылыми-қолданбалы зерттеу жобалары іске асыру мерзімдері бойынша екі топқа бөлінген:
Бірінші топ – 2019-2020 жылдары басталатын 11 жоба жатады;
Екінші топ – 2021-2026 жылдары басталатын және аяқталатын 16 жоба кіреді.
Ғылыми-қолданбалы зерттеу жобалары келесі негізгі көздерден қаржыландырылуы мүмкін:
- Жергілікті бюджет (ЖБ);
- Республикалық бюджет (РБ);
- Халықаралық ұйымдардың гранттары;
- Бизнес құрылымдар.
Жергілікті бюджет астарында жергілікті атқарушы органдар - Маңғыстау облысы әкімдігі мен Ақтау қаласының әкімдігінің бюджеті ұйғарылады. Маңғыстау облысы әкімдігінде жобалардың әкімшілері:
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (ТРжТПРБ);
Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы (ТДТжСБ);
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (ЭБЖБ);
Денсаулық сақтау басқармасы (ДСБ);
Ауыл шаруашылығы басқармасы (АШБ);
Республикалық бюджет ғылыми қызметке келесі орталық атқарушы билік органдарымен бөлінетін қаржы қаражаттарын қамтиды:
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (ҚР ЭМ);
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (ҚР АШМ);
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ);
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ҚАӨМ).
«Маңғыстау облысы бойынша экологиялық жағдайды жақсартудың 2026 жылға дейінгі мерзімді қамтитын бағдарламасындағы» 27 ғылыми-қолданбалы зерттеу жобасын іске асыру үшін тиісті органдаға жіберілді.
Сондай-ақ, Теңіздің Маңғыстау секторында қайраңға тұрып қалған шетелдік үш кеме тазартылып, кесу жұмыстарын жалғастыруда.
Мәселен, соңғы жылдары әр кезде теңіздің Маңғыстау бөлігінде «АРАКС», «ТИБА» және «НАМ-217» атты шетелдік үш кеме қайраңға тұрып қалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды тез тазалау шараларын алыды.
- Бортында 930 тонна мұнай қалдықтары тиелген ресейлік «АРАКС» кемесі (ООО «Транскаспий», РФ Махашқала қ.) 2016 жылғы сәуірде Каспий теңізінің жағалауынан 100 метр жерде (Құрық селосына 35 шақырым) Песчаный мүйісінде қайырда тұрып қалды.
Теңіздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, 2017 жылы бюджеттен 39,2 млн. теңге бөлініп, тазалау жұмыстарының 50%-ын конкурстың негізінде «БатысМұнайТранс» ЖШС-гі жүргізді.
Одан кейін тазалау және металл сынығы ретінде бөлшектеу жұмыстарын жүргізу үшін қазақстандық мекеме 29 маусым 2018 жылы ресейлік «Судоходная компания Транскаспий» Ашық Акционерлік қоғамынан сатып алу-сату келісімшартына сәйкес «Batys Energy Group» ЖШС-не тиесілі.
«Batys Energy Group» ЖШС-мен мұнай қалдықтары түгелдей тазартылып қазіргі кезде кемені бөлшектеп кесу жұмыстары жүргізілуде.
Ешқандай экологиялық қауіп төніп тұрған жоқ.
- «ТИБА» Иран ислам республикасының кемесі 2015 жылдың қараша айында Каспий теңізінің жағалауында Құрықтан 30 шақырымда қайраңға тұрып қалған.
Аталған кеме жүксіз және экипажсыз сол жерде әлі күнге дейін тұр.
Қазіргі кезде, металл сынығы ретінде бөлшектеу және тазалау жұмыстарын жүргізу мақсатында «Бейсатов С.Д.» жеке кәсіпкер «Муалем инсуранс компаниясынан» сатып алған.
- Шетелдік «Каспиан Дреджинг энд Марин Контракторс» компаниясына тиесілі (ұзындығы – 63,4 метр, ені – 16 метр) «НАМ-2017» атты кеме Қарақия ауданындағы «Адамтас» қаумалы жағалауында Ақ Маякқа жақын теңіз ішінде тұр.
Металл сынығы ретінде бөлшектеу және тазалау жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті «КазАзОйлСервис» ЖШС аталған компаниядан келісім-шартпен сатып алды.
Осы екі кеме бойынша ешқандай экологиялық қауіп төніп тұрған жоқ.
Маңғыстау облысындағы балық шаруашылығы
Сонымен қатар Каспий теңізі - ежелден халық балық аулап келген су айдыны.
Облыста өндірістік балық аулау аймағы Каспий теңізінің Түрікмен шекарасындағы Сүйе жерінен Прорва жерінен дейінгі ұзындығы 1350 км құрайды.
Теңіз жағалауы бойынша 6 балық шаруашылық ауданы 35 (отыз бес) учаскеге бөлінген. Оның ішінде 27 учаске 20 табиғат пайдаланушыға бекітілген, 8 учаске резервте тұр.
|
Көрсеткіштер |
2016ж. |
2017ж. |
2018ж. |
|
Участкелер |
27 шаруашылық нысан, соның ішінде: бекіре тұқымдас балық өсіру мақсатындағы 2 шарбақты балық шаруашылығы |
27 шаруашылық нысан, соның ішінде: бекіре тұқымдас балық өсіру мақсатындағы 2 шарбақты балық шаруашылығы |
27 шаруашылық нысан, соның ішінде: бекіре тұқымдас балық өсіру мақсатындағы 2 шарбақты балық шаруашылығы. |
|
Бригадалар |
127 |
135 |
148 |
|
Балықшылар |
555 |
579 |
598 |
2018 жылы облысқа 1859,1 тонна балық аулауға квота бөлінді. Балықшылар қазірге дейін 1741,3 тонна (93,6 %) балық аулауға рұқсат алды. Нақты ауланғаны 1720,0 тонна. (92,5 %)
Резервтегі 8 учаскеге балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру үшін конкурс жариялау үшін паспорттар паспорттар жасақталып, құжаттар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетіне жолданды.
Сондай-ақ, (ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің 19.03.2015 жылы №18-04/245 бұйрығымен) Маңғыстау облысы секторында бекіре өсіретін шарбақты балық шаруашылығын жүргізуге 2016 жылы 2 учаскеге конкурс өткізіліп, бекітілді:
Оның бірі – ауданы 3500 га (ұзындығы 5,3 км, ені 6,6 км) Кендірлі шығанағында орналасқан, «Caspian Riviera» ЖШС-гінебекітілген; қазір шарбақты балық шаруашылығының (садковое хозяйство) құрылысы жүріп жатыр.
Екіншісі - Ақшұқыр ауылына жақын теңізде 20 км қашықтықта, ауданы 324 га (ұзындығы 1,8 км, ені 1,8 км) участок, «Caspian Sea Farm» ЖШС-гіне бекітілген. Осында жоспарланған жылдық балық өнімділігі 6 тн/га құрайды. Қазіргі аталған мекеме қаражат іздестіріп жатыр.
Облыста тауарлы бекіре балықтарын шығаратын «Kazakh osseter» ғылыми өндірістік кәсіпорны» ЖШС қызмет етеді.
2016 жылы 6 тн;
2017 жылы 9 тн;
2018 жылы 15 тн бекіре тұқымдас (орыс, сібір лерок, стерлет, қортпа, гибриды) балықтар өсірліп отыр.
2016 жылы 300 кг Грузияға шығарылды.
2018 жылы 1782,7 кг Ресей еліне экспортқа шығарылды.
ИП «Булекбаева» Қаракөл көлінде қуаттылығы жылына 30 тонна тоғандық балық (сазан) шаруашылығын дамыту жобасы инвес жоба ретінде қаралып, жер телімі алу жұмыстары жүргізілуде.
Шөлейттенуге қарсы күрес
Адамдардың антропогендік әсерінен шөл аймақта жердің, әсіресе құм сілемдерінің жанында орналасқан көптеген ауылдарды көшпелі құм шабуылына қорғау - өлкедегі ең үлкен проблемалардың біріне айналды.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысымен 2004 жылдан бастап Сенек, 2007 жылдан - Үштаған, 2012 жылдан - Тұщықұдық және де 2016 жылдан бастап Шебір ауылдарын көшпелі құмнан қорғау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Елді мекендерді көшпелі құмдардан қорғау жұмыстары алдымен «Түйесу» құм массивіндегі Сенек ауылында 2004 жылы басталды. 2008 жылға дейін жүргізілген жұмыстарды Алматы қаласының география институты атқарды. Одан кейінгі жұмыстарды «Жасыл әлем» МКК (Қазіргі «Жасыл Әлем» ЖШС-гі) жүргізіп келеді. Қазір ауыл айналасындағы жасыл оазистің аумағы 1360 гектар болды.
Бостанқұм етегіндегі Үштаған ауылында 2007 жылдан бастап ауқымды құм тоқтату шаралары іске асырылды. Нәтижесінде қазір 1330 гектар аумақта қалың орман пайда болды.
2011 жылдың аяғында Қызылқұмдағы Тұщықұдық ауылында құм тоқтату жобасы басталды. Қазір ондағы қалың тоғайдың аумағы 890 га.
2016 жылы құм тоқтату жұмыстары Маңғыстау ауданының Шебір ауылында басталды. Жоба бойынша 2020 жылға дейін 500 га аумақта құм тоқтату жұмыстары жүргізіп жатыр. Оның 250 гектарына өскіндер егілді.
Жалпы алғанда шөл алқаптағы төрт ауыл айналасында қазір 3830 га аумақта жасыл оазис пайда болды. Жұмыс жалғасуда.
Үштаған, Тұщықұдық, Шебір ауылдарындағы құм тоқтату жұмыстары бойынша 2019-2021 жж. аралығына арналған мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.
Сенек ауылындағы құм тоқтату 2020-2021 жж. да жұмыс жалғасатын болатын.
Сондай-ақ, 2018 жылы Маңғыстау ауданындағы Жарма, Сазды, Сауысқан ауылдарын көшпелі құмнан қорғау жұмыстарының сметалық құжаттамасы жасақталып бітті. Алдағы жылдарда аталған ауылдарды да құмнан қорғау жұмыстары басталатын болады.
Орман өсіру
Жануарлар дүниесі мен табиғи ортаны қорғау жөніндегі жұмыстар басты назарда. Облыстағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Бейнеу және Сам мемлекеттік орман мекемелерінің жалпы орман қоры жерінің көлемі – 241 599 мың га, оның ішінде орман жамылғысы 122 432 га. құрайды. Оларда жылына 300 га жерге қара сексеуіл тұқымдары себіледі. Соңғы екі жылда 206 га (2017 жылы 148 га, 2018 жылы 56 га) орман жамылғысы орман қоры жеріне қосылды.
Орман өсіруді одан әрі жалғастыра беретін боламыз. Бейнеу ауылындағы кәріздік тазарту қондырғысынан тазарып шыққан суды пайдалануға лайықталған, жылына 1 млн сексеуіл өскіндерін дайындауға арналған құны 98,0 млн теңге тұратын жалпы көлемі 8,75 га тұрақты орман питомнигін салудың, сондай-ақ Бозашы түбегінде мемлекеттік резервтегі жерде аумағы 76305 га, құны 67,0 млн теңге болатын жаңа орман мекемесін құрудың барлық құжаттары дайын.
Биыл орман питомнигін салудың жобалық-сметалық жобасын Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет, және қала құрылысы басқармасына берілді.
Сонымен қатар «Маңғыстау облысы әкімдігінің ормандарын молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың 2019-2030 жылдарға арналған қадамдық Жоспары» ҚР АШМ вице министрімен келісіліп, облыс әкімімен бекітілді.
Жануарлар дүниесін қорғау
Облыста ауданы 2,8 млн га болатын 12 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар. (облыс аумағының – 16,9% құрайды).
Оларда жануарлар дүниесі мен табиғи ортаны қорғауға барлық шаралар қабылданып жатыр.
|
№ р.н. |
ЕҚТА атауы |
Ауданы, га |
Орналасқан жері |
Кімнің қарамағында |
|
жалпы ауданы 1,761 млн. га құрайтын республикалық маңызы бар 5 ЕҚТА |
||||
|
1. |
«Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығы |
223 423 |
Қарақия ауданы |
ҚР АШМ МО ОШжәнеЖДАИ РММ |
|
2. |
«Кендерлі-Қаясан» мемлекеттік қорықтық аймақ |
1 231 000 |
Қарақия ауданы |
ҚР АШМ МО ОШжәнеЖДАИ РММ |
|
3. |
«Қарақия-Қаракөл» мемлекеттік табиғи қаумалы (зоологиялық) |
137 500 |
Қарақия ауданы |
ҚР АШМ МО ОШжәнеЖДАИ РММ |
|
4. |
«Ақтау-Бұзашы» мемлекеттік табиғи қаумалы (зоологиялық) |
170 000 |
Түпқараған ауданы |
ҚР АШМ МО ОШжәнеЖДАИ РММ |
|
5. |
Маңғышлақ тәжірибелік ботаникалық бағы |
39,0 |
Актау қаласы |
ҚР БҒМ |
|
жалпы ауданы 1,047 млн. га құрайтын жергілікті маңызы бар 7 ЕҚТА: |
||||
|
6. |
Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі |
68 445 |
Маңғыстау ауданы |
МО ТРжәнеТПРБ |
|
7. |
«Адамтас» мемлекеттік табиғи қаумалы |
68 373,3 |
Қарақия ауданы |
МО ТРжәнеТПРБ |
|
8. |
«Тасорпа» мемлекеттік табиғи қаумалы |
160 086,48 |
Маңғыстау ауданы |
МО ТРжәнеТПРБ |
|
9. |
«Жабайұшқан» мемлекеттік табиғи қаумалы |
316 141 |
Қарақия және Маңғыстау аудандары |
МО ТРжәнеТПРБ |
|
10. |
«Көлеңкелі» мемлекеттік табиғи қаумалы |
58 922,8 |
Бейнеу ауданы |
МО ТРжәнеТПРБ |
|
11. |
«Есет» мемлекеттік табиғи қаумалы |
146 790,0 |
Бейнеу ауданы |
МО ТРжәнеТПРБ |
|
12. |
«Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалы |
228 028,2 |
Бейнеу және Маңғыстау аудандары |
МО ТРжәнеТПРБ |
«Қызылсай» паркі аудандық Ішкі істер басқармаларымен, «Охотзоопром» батыс филиалымен бірлесе отырып, облыстық табиғат қорғау полициясымен 2018 жылы бойынша 622 рейд, оның ішінде 61 бірлескен рейдтік шара өткізді.
Күшейтілген күзет жұмыстарының нәтижесінде жабайы жануарлар өсіп келеді. Мысалы: 2017 жылғы Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жүргізген авиасанақ кезінде қорғалатын жергілікті аймақтардан 1509 астам арқар санаса, соның ішінде: жергілікті ерекше қорғалатын аймақтардан 1374 бас арқар анықталды.
2018 жылғы күзгі санақ кезінде жергілікті маңызы бар ЕҚТА-ларда арқар 1523, қарақұйрық және басқа да жабайы аңдардың саны алдағы жылмен салыстырғанда көбейгені байқалды.
Сондай-ақ, ЕҚТА-ларды жұмыс жасайтын инспекторларға бірте-бірте қолайлы жағдай жасалып келеді. Мысалы, соңғы жылдары «Қызылсай» табиғи паркінің, «Адамтас», «Жабайұшқан» қаумалдарының кардондарына қуаттылығы 1-2 кВт/сағаттық күн батареялары мен жел генераторлары орнатылды.
«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты қаумалдар аумағына «Туристік экскурциялық соқпағының (маршрутының) паспорттары» жасақталып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің (11.02.2019 ж. №17-5-6/33) бұйрығымен бекітілді.
Атап айтқанда:
1.Шетпе-Тасорпа;
2.Ақсу-Темірбаба;
3.Бейнеу-Есет;
4.Жосалы-Бозжыра;
5.Манашы-Өрмелі;
6.Бейнеу-Көлеңкелі;
7.Қызылсай-Тұзбайыр маршруттары бойынша туристерді табиғатпен таныстыру болып табылады.
Маңғыстау облысының аңшылық алқаптары
Маңғыстау облысында 9 /тоғыз/ аң аулау алқабы, 1 /бір/ аң шаруашылығы пайдаланушы «Маңғыстау облыстық аңшылар және балық аулаушылар» қоғамдық бірлестігі бар, аңшылық алқпатарының жалпы көлемі – 827,9 мың га құрайды.
Аң аулау алқаптарының атауы мен аумағы:
|
Реттік саны |
Аудандардың атауы |
Аңшылық шаруашылығының атауы |
Көлемі, мың га |
|
1 |
Маңғыстау
|
Бостанқұм |
120,1 |
|
2 |
Қаратау |
86,5 |
|
|
3 |
Қияқты |
165,2 |
|
|
4 |
Түпқараған |
Голубая бухта-Саура |
68,7 |
|
5 |
Қаражанбас |
56,7 |
|
|
6 |
Маңғышлақ |
55,0 |
|
| 7 |
Қарақия
|
Прибрежное |
26,5 |
| 8 |
Ащысор |
39,2 | |
| 9 |
Бейнеу |
Желтау-Көленкелі |
210,0 |
|
Барлығы |
827,9 | ||
2018 жылы аң аулау алқаптарындағы қорықшылық қызметіне – 3 480,0 мың теңге, биотехникалық іс шараларға – 180,0 мың теңге, аңшылық шаруашылығын ұйымдастыруға – 169,5 мың теңге жұмсалған.
Аң аулау алқаптарында 12 қызметкер жұмыс жасайды.
оның ішінде:
- жетекші маман – 1;
- штаттан тыс қорықшы – 15;
- аңшылық шаруашылығын жүргізуші – 1;
- қорықшы – 8, 4 /төрт/ УАЗ автокөлігімен қамтылған.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына және «Жануарлар дүниесі объектілерін 2018 жылдың 15 ақпанымен 2019 жылдың 15 ақпаны аралығында алып қою лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 58 бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облысында 2018 жылдың 1 тамыздан бастап жазғы, күзгі аң аулау маусымдары ашылып, бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы хабарландыру берілді.
|
қ/с |
Жануарлар түрлері |
Аң аулау мерзімі |
Бекітілген аумақтар (аңшылық шаруашылықтары) |
|
1 |
Шалшықшы |
1 тамыздан 30 қараша аралығы |
Қаражанбас, Голубая бухта – Саура, Ащысор, Прибрежное, Маңғышлак |
|
2 |
Кептер |
20 тамыздан 30 қараша аралығы |
Қаражанбас, Бостанқұм, Қаратау, Голубая бухта – Саура, Ащысор, Прибрежное, Қияқты, Маңғышлак, Желтау-Көленкелі |
|
3 |
Қаз, үйрек, қасқалдақ |
1 қыркүйек 15 желтоқсан аралығы |
Қаражанбас, Голубая бухта – Саура, Ащысор, Прибрежное, Маңғышлак |
|
4 |
Қарсақ, түлкі, қоян |
1 қараша 2018 жылы 15 ақпан 2019 жылы аралығы |
Қаражанбас, Бостанқұм, Қаратау, Голубая бухта – Саура, Ащысор, Прибрежное, Қияқты, Маңғышлак, Желтау-Көленкелі |
|
5 |
Кекілік |
1 қазаннан 15 желтоқсан аралығы |
Қаражанбас, Бостанқұм, Қаратау, Голубая бухта – Саура, Ащысор, Прибрежное, Қияқты, Маңғышлак, Желтау-Көленкелі |
|
6 |
Қабан |
1 қыркүйек 31 желтоқсан аралығы |
Желтау-Көленкелі |
|
7 |
Қасқырларды, шибөрілерді, қарғаларды, сауысқандарды, сұр қарғаларды, қангыбас иттерді олжалауға |
1. Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомоствосының және оның мамандандырылған ұйымдарының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшылық қызметі қызметтік қаруды пайдаланып және авиа-, автомото-, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы пайдаланып жүзеге асырғанда; 2. Жануарлардың басқа түрлерін аулау (авиа-, автомото-, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы пайдаланбай) аң аулауға берілген жануарлар дүниесін пайдалану рұқсаты қолданылатын аңшылық шаруашылығы субъектісінің аумағында жүргізілген кезде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат талап етілмейді. |
|
2018 жылы заңсыз аң аулаудың 10 фактісі тіркеліп, оның ішінде аң аулау алқаптарында 4 құқықбұзушылық анықталып, 48 100 теңге айыппұл, 72 148 теңге шығын салынып, толық өндірілді.
Қоғамда аңшылық алқаптарда аң атуға жолдама алатын (01.01.2019 ж. жағдай бойынша) 2850 аңшы тіркелген.
2018 жылы 1900 аңшыға жануар түрлерін аулауға 39 497 рұқсат (үйрек (утка) - 21538, шалшықшы (кулик) - 1171, кептер (голубь) - 1000, қасқалдақ (лысуха) - 2883, қаз (гусь) - 781, қабан - 45, қарсақ - 160, түлкі -200, қоян - 10000, кекілік (кеклик) - 1719) берілді.
Салыстырмалы түрде 2017 жылы 1650 аңшыға жануар түрлерін аулауға 31 835 рұқсат берілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы №643 «Жек дуадақтарды аулау туралы» қаулысына сәйкес 2018 жылдың қазан айының 10 күнінен қараша айының 15 күндері аралығында Маңғыстау облысының «Кендірлі-Қаясан» қорық аймағының аумағында Біріккен Араб Әмірлігінен Шейх Сурур Бин Мухаммед Аль Нахиян және Шейх Сейф Бин Мухаммед Аль Нахиян барлығы 27 дана жек дуадақты аулауға рұқсат берілді. Алайда, ауа райының қолайсыздығынан құстардың жоқ болуына байланысты ауланған жоқ.
Бұл құстарға арнайы спутник арқылы бақылап отыратын қондырғылар орнатылған. Мамандардың зерттеуі бойынша Маңғыстау облысы ителгі мен дуадақтардың мекендеу ортасы үшін ыңғайлы жер екендігі белгілі болды. Бұл құстар негізінен шөлді, жартылай-шөлді аймақтарды мекен етеді. Азияда мекендейтін дуадақтардың оңтүстіктікі және солтүстікі деген екі түрі болады. Мамандар дуадақтар Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан, Иран сияқты елдерге қоныс аударатынын айтады, Маңғыстауға наурыз айының соңында келеді. Сәуір айында ұясын салып, жұмыртқалап, балапандарын өргізеді. Балапандарына негізгі қауіп түлкі, қарсақ, жыландардан келеді.
Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Біріккен Араб Әмірліктерінен келетін жекелеген тұлғаларға дуадақтарды аулауға рұқсат беріледі. Бір бас дуадақты аулағаны үшін төленетін төлемақы – 260 АЕК (625 300 теңге). Заңға сәйкес жануарлар дүниесіне келген зиянның айыппұлдары бекітілген. Дуадақтарды немесе ителгіні заңсыз аулағандарға айыппұл мөлшері 700 АЕК (1 683 500 теңге.) құрайды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Әбу-Даби экология агенттігі арасындағы келісімге сәйкес 2018 жылдың 23 мамыры күні «Кендірлі-Қаясан» қорық аймағында 500 дана жек дуадақ құсы ұшырылды. Жалпы «Кендірлі-Қаясан» қорық аймағында 2013 жылы 150 /жүз елу/ дана, 2014 жылы 200 /екі жүз/ дана, 2015 жылы 55 /елу бес/ дана, 2017 және 2018 жылы 500 /бес жүз/ дана жек дуадақ құсы ұшырылғандығын болатын.
Сондай-ақ, Каспий теңізі Маңғышлақ шығанағы Құлалы аралдары архипелагінде ЕҚТА құрудың табиғи-ғылыми негіздемесін жасап құру жоспарда тұр.
Негізгі міндеттері: Мемлекеттік табиғи-резервтік қорындағы зерттеу аумағының экологиялық нысандары мен жүйелердің жағдайын жан-жақты талдау, тәуекелдер, жоюлар қауіпі, оларды қорғау, қалпына келтіру және қолдану шаралары.
Себебі, Маңғышлақ шығанағында Каспий теңізінің аралдарындағы табиғи жүйелер мен биологиялық ресурстар зерттелмеген.
ЕҚТА-ың шекараларын және де функционалдық аймақтарын, оларды қорғау және пайдалану режимдерін анықтау кезінде ескеріледі:
Күтілетін нәтижелер
1) Жобалау аумағының табиғи ортасын бағалау (Құлалы, Морской, Подгорный, Новый және Рыбачий аралдары, жалпы аумағы 130 км2) ;
2) Аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын талдау және бағалау;
3) Аралдар аумағын зерттеу;
4) ЕҚТА аумағын, функционалдық аймақтарын, биологиялық ресурстарын қорғау және пайдалану режимдерін ескеріледі;
5) Тематикалық (ландшафтық және экожүйелі) тақырыптық карталарды жасау.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігіне республикалық маңызы бар «Каспий теңізі Маңғышлақ шығанағы Құлалы аралдары архипелагінде ЕҚТА құрудың табиғи-ғылыми негіздемесін жасауды ұсынатын боламыз.
Елді мекендерді көгалдандыру
Жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде облыс әкімдігінің қаулысымен елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру, санитарлық тазалау және абаттандыру іс-шаралары жүргізіледі.
Облыстың қалалары мен елді мекендерінде жалпы ауданы 45 гектар болатын 18 саябақ бар. Елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары үздіксіз жалғасып келеді.
Елді мекендер аумақтарының экологиялық жай-күйін жақсарту мақсатында, 2018 жылы да Маңғыстау облысы әкімдігінің облыс елді мекендерінің аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту іс-шараларын 15 наурызынан бастап 30 сәуірі аралығында өткізу туралы № 36 қаулысы қабылданды.
Іс-шаралар шеңберінде облыс елді мекендер аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру мен санитарлық тазарту бойынша 2018 жылы 17, 31 наурызда және 14 сәуірде облыстық сенбіліктер ұйымдастырылды.
Аудандар мен қалаларда сенбіліктер 5 рет өткізілді. Жұмыстар тек сенбіліктермен шектелмей, үздіксіз жүргізілді. Олар өз нәтижесін беріп, Маңғыстаудың көрікті келбеті қалыптасты. Күл-қоқыстардан тазартылып, әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді.
Аталған сенбіліктерге 33 608 адам қатысып, 749 техника жұмылдырылып, 8 549 тонна қоқыс арнайы полигондарға тасып шығарылды және 3 566 га аумақ тазартылды, сонымен бірге 12 197 ағаш, 456 бұта, 745 м2 гүлзар отырғызылды.
Сондай-ақ, 950 м2 жол жөнделіп, 47 орындық орнатылды, 8 урна орнатылып, 3 970 ағаштың түптері әктелді. 22 сәуірден бастап Ақтаудағы барлық балалар ойын алаңдарын жөндеу, сырлау жұмыстарын барлық облыстық басқармалар қолға алды.
Еліміздің барлық аймақтарында «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы өткізілді.
Сонымен қатар 21 қыркүйектен бастап 1 ай көлемінде жүргізіліп жатқан «Ғаламшарды қоқыстан тазалаймыз!» акциясы барысында барлық елді мекендерді және рұқсатсыз төгілген қоқыс үйінділерін тазалау жұмыстары жүргізілді.
Атмосфералық ауаны қорғау
Облыста атмосфералық ауаның тазалығын жақсарту үшін экологиялық шаралар алынып келеді. 2017 жылы мемлекеттік экологиялық сараптама мен экологиялық рұқсат беру сатысында ауаға шығарылатын зиянды заттардың нормативтері 14,8 мың тоннаға азайды, 2018 жылы да тенденция сақталды.
Сондай-ақ облыстың барлық елді мекендері табиғи газбен қамтамасыз етілген. Барлық энергия жеткізушілер: «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС және басқа да жылу-электр станциялары, кәсіпорындардың вахталық поселкелері мен барлық елді мекендерінің қазандықтары, әлеуметтік және жеке тұрғын үй нысандарының қазандықтары табиғи газбен жұмыс істейді.
Осыған байланысты бізде жылдан-жылға уытты қалдықтардың атмосфераға шығарындылары азаюда.
Оның үстіне облыстағы барлық энергия көздері толық газбен жұмыс жасаса, 2018 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша тіркелген барлық 166005 автокөліктің 88513-і, немесе 53,3 %-ы газбаллонды жүйемен қамтылған.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде Ақтау республикадағы ең ауасы таза қалалардың біріне айналып келеді.
Ағымдағы жылы да экологиялық рұқсат беру сатысында ластаушы заттарды
«КазТрансОйл» АҚ-ның 70% (127,5 тн - 37,2 тн, яғни 90,2 тн),
«Каспий Битум» ЖШС-нің 27,4% (764,5 тн - 555,0 тн, яғни 209,6 тн),
«Қарақұдықмұнай» ЖШС-нің 17% (1 656,3 тн - 1 361,4 тн, яғни 294,8 тн) азайтты.
Одан басқа, 2018 жылы Департамент өндіріс ошақтарынан шығатын зиянды заттарды «Он-лайн» режимінде бақылау жүйесін енгізу мақсатында «Каспий битум» ЖШС-мен ынтымақтастық Меморандумға қол қойды.
Нәтижесінде, бұл жүйені енгізуге Департаментпен келісілген қоршаған ортаны қорғау іс-шарасы бойынша «Каспий битум» ЖШС-гі 45,0 млн. теңге бөліп отыр, ағымдағы жылы жобалау жұмыстарын бастайды, 2021 жылға дейін толық іске қосылады.
Бұл бағыттағы жұмыстар алға қарайда жүйелі түрде жүргізіледі, өйткені ластаушы заттарды «он-лайн» режимінде бақылайтын табиғат пайдаланушыларды Экология департаменті тексеруді азайтатын болады (заңға тиісті өзгеріс енгізілді).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20 бабының 7 тармағына және Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 145 бұйрығымен бекітілген" Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін анықтау қағидалары" талаптарын ескере отырып, «Маңғыстау облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері» әзірленді.
Осыған орай, Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ 57-тармағын жүзеге асыру мақсатында, әрбір өңірде аса өткір экологиялық проблемаларды шешу бойынша шараларды жұртшылықпен бірлесіп әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ еркін онлайн-қолжетімділікпен экологиялық мониторинг жүйелерін дамытуға және «Маңғыстау облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне» қол жеткізу үшін аса өткір экологиялық проблемалардың тізімі бекітіліп, жауапты органдарға орындау үшін жолданды.
Иесіз қауіпті қалдықтардың мәселесі
Өлкеде иесіз қауіпті қалдықтарға байланысты мәселелер де оң шешімін тауып келеді. Келесі кестеде аса көп мөлшердегі иесіз қауіпті қалдықтар мен оларды шешу жолдары көрсетілген.
|
Иесіз қауіпті қалдықтар атауы |
Шешу жолдары |
|
«КазАзот» ЖШС аумағында орналасқан темір колчеданы және күкірт қалдықтары |
2012 жылы қалдықтарды түгендеу кезінде бұрынғы «Күкірт қышқылы зауыты» аумағынан 96852,9 тонна темір колчеданы мен 4939,2 тонна күкірт қалдықтары анықталды. Қалдықтар №2 Ақтау қалалық сотының 2014 жылғы 28 қазандағы№ 2-4796/10-14 шешімімен республикалық меншікке «Жасыл Даму» АҚ-ына берілді. 2018 жылы «Жасыл Даму» АҚ-ы зертханалық зерттеулер жүргізу, қоршаған ортаға әсерді анықтау және бұрынғы «Күкірт қышқылы зауыты» аумағында орналасқан қауіпті қалдықтардың мөлшерін анықтау үшін «EcologyBusinessConsuiting» ЖШС-не конкурстық негізінде берді. 2019 жылы «Жасыл Даму» АҚ-ы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген «Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларына» сәйкес қауіпті қалдықтарды жою үшін сату конкурстарын бастайтын болады. |
|
«Қошқар Ата» қалдық қоймасында орналасқан иесіз радиоактивті және уытты қалдықтар |
Мұнайлы аудандық сотының 2015 жылғы шешімімен, «Қошқар Ата» қалдық қоймасындағы аталған қалдықтар республикалық меншікке берілді. Қалдықтар 29.01.2016 жылы республикалық меншікке тапсырылды. (ҚР Энергетики министрлігі). |
|
Жаңаөзен қаласында МУ-3, МДАЦ (алаңы 130, 0748 га), Жанаозен қаласына жақын орналасқан МУ-3 аумағындағы 2,4296 га, бұрынғы Альбсеноман техникалық су қоймасы (көлемі 859,3 га) аумағында орналасқан иесіз мұнай қалдықтары (шламдар) |
Жаңаөзен қалалық сотының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 2-3129/15-05 шешімімен аталған қалдықтар иесіз деп танылып, «Жасыл Даму» АҚ республикалық меншікке қабылдады. «Жасыл Даму» АҚ конкурс жариялап, жеңімпаз «ЭкоОриентир» ЖШС-не алу-беру актісімен берілді. Жалпы көлемі: 304136 тонна, соның ішінде: - Жаңаөзен қаласында МУ-3, МДАЦ 130,0748 га; - Жанаозен қаласына жақын орналасқан МУ-3 аумағындағы 2,4296 га; - бұрынғы Альбсеноман техникалық су қоймасы 859,3 га қауіпті қалдықтарды одан әрі жою және қайта өңдеуге келісім-шарт жасалды. Тазалау жұмыстары басталғалы бері 118 289 тонна қауіпті қалдықтар (мұнай шламы) қайта өңделді. МДАЦ қоймасындағы мұнай шламдарын шығару және өңдеу жұмыстары толығымен аяқталып, тазаланды. Қазіргі кезде қойманың орнын қалпына келтіру үшін қоймаға іргелес орналасқан учаскеден топырақ алу жұмыстарына келісуде. |
|
«Өзенмұнайгаз» АҚ келісім-шарттық аумағында орналасқан көлемі 1288,35 мың м3 қалдықтары бар 11 шлам жинақтағыш иесіз қауіпті қалдықтары |
Қарақия аудандық сотының 3.03.2015 жылғы№ 2682 шешімі және Комиссия актісі негізінде, 4.07.2015 жылы 11 мұнай өнімдері қоймаларында орналасқан 1288,35 мың текше метр немесе 1 765,0 тн көлеміндегі қалдықтар «Өзенмұнайгаз» АҚ-на қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін берілді. «Өзенмұнайгаз» АҚ өз аумағындағы 1 288,35 мың м3 қалдықтарды жою туралы меморандумды іске асыру үшін 2015-2021 жылдарға жылына 1 млрд. көлемінде қаражат бөлу жоспарлады. 2015 жылы 102 676,712 тонна көлемінде мұнайы бар қалдықтар тазартылды. Қаржы тапшылығына орай жұмыстар тоқтатылды. Қазіргі "Өзенмұнайгаз" АҚ келісімшарттық аумағындағы жоғарыда аталған 1 765,0 тоннаның 2019 жылы - 150,0 мың тн. 2020 жылы - 150,0 мың тн. тазалау жоспарланып отыр. |
|
«АПМЗ» ЖШС аумағында орналасқан иесіз химиялық қалдықтар, материалдар, реагенттер, шикізаттар |
Бұрынғы «АПМЗ» ЖШС (қазіргі «Индустриальный парк Мангистау» ЖШС) аумағында орналасқан иесіз химиялық қалдықтар, материалдар, реагенттер мен шикізаттардың жалпы көлемі (211 түрлі) 2142,130 тн. құрайды. Ол, 2018 жылы сот шешіміне сәйкес Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қалдықтарды республикалық меншікке «Жасыл Даму» АҚ-на өткізді. 2019 жылы «Жасыл Даму» АҚ-ы зертханалық зерттеулер жүргізу, қоршаған ортаға әсерді анықтау және қауіпті қалдықтардың мөлшерін анықтау жұмытарын бастайтын болады. |
Экология Департаментінің мәліметіне сәйкес «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы АҚ-ның түсірілімімен Маңғыстау облысыныда 151 нүктеде рұқсатсыз төгілген қалдықтар орындары анықталды.
Соның ішнде:
Ақтау қаласы бойынша - 58;
Мұнайлы ауданы бойынша – 34 нүкте, оның жойылғаны 20/қалғаны - 14;
Түпқараған ауданы бойынша - 40 нүкте, оның жойылғаны 9/қалғаны - 31;
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілісі - 19 нүкте, толық жойылды.
Осыған орай, қазіргі кезде қалдықтардың меншік иесін анықтау және оны жою мақсатында комиссия құрылып, қарап, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесінде, қазір 48 нүктеде орналасқан рұқсатсыз төгілген қалдықтар (Мұнайлы ауданы – 20, Түпқараған ауданында – 9, жеке және заңды тұлғаларға тиесілісі - 19) толығымен тазаланды.
Бұл жұмыстың орындалысы комиссияның болады, яғни аталған қалдықтарды түпкілікті жоятын болады.
Уран өндірісінің зардаптарын жою жұмыстары
Химиялық гидрометаллургиялық зауыттың (ХГМЗ) және Ақтау қаласы мен Мұнайлы аумағынан 42 кішігірім участоктерде анықталған радиоактивтік қалдықтар туралы
Халықты алаңдататын мәселелердің бірі – бұрынғы уран өндірісінің қазіргі жай-күйі туралы мәселе.
Өткен ғасырдың 60-жылдары КСРО Орта машина жасау министрлігінің Ақтауда салынған Каспий аймақтық тау-кен металлургия комбинаты (ПГМК) Кеңес үкіметі тараған соң өз қызметін толық тоқтатты.
Осыған байланысты 2003 жылдан бастап комбинатқа (ПГМК) қарасты: Азот-тук зауытының (АТЗ), Күкірт қышқылы зауытының (СКЗ), Химиялық гидрометаллургиялық зауытының (ХГМЗ), Жөндеу-механикалық зауытының (РМЗ), БН-350 атом реакторының және оларға іргелес жатқан елді-мекендердің аумақтары бұрынғы жылдары толық тексеріліп, зерттеліп шықты.
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша жүргізілген радиалогиялық зерттеулер нәтижесінде Ақтау қаласы мен Мұнайлы аумағынан 42 кішігірім участоктерде анықталған радиоактивтік қалдықтар 2005-2009 жылдары толық тазаланып, залалсыздандырылды.
Алайда химиялық гидрометаллургиялық зауыттың (ХГМЗ) жабық аумағында сол кезде радиацияға ұшыраған жалпы массасы 8500-10500 тоннадай құрылғылар, қондырғылар, контейнерлер мен, құбырлар, металл қалдықтары т.б. залалсызданбай қалып қойды. 07.12.2009 жылғы № 1683 сатып алу-сатутуралы келісім-шартқа сәйкес жалпы ауданы 119 га бұрынғы ХГМЗ өндірістік аумағы «Каспий Экологи» ЖШС-гі меншігінде күзетілген күйде сақталып отыр.
ХГМЗ аумағы, ғимараттары мен құрылыстары консервациялау және жою сатысында.
2017 жылдың 21-22 желтоқсанында облыс әкімінің тапсырмасымен ХГМЗ аумағынан 28 нүктеден «Экологиялық зерттеу зертханасы» ЖШС-нің мамандарымен радияциялық жай-күйіне зерттеу жүргізілді.
Зерттеу нәтижесінде 9 нүктеден радиологиялық көрсеткіштер дозаның рауалы қуаты жоғары екендігі анықталды.
ХГМЗ аумағы, ғимараттары мен құрылыстары консервациялау және жою сатысында. Ал толық залалсыздандыру мәселесі ҚР Жер Кодексінің 52 және 116-баптарына сәйкес меншік иесі өз тарапынан радиацияға ұшыраған жерлерді залалсыздандыратын болады.
Уран рудниктері карьерлерінің жайы
Сонымен қатар Каспий аймақтық тау-кен металлургия комбинатына қарасты уран рудниктерінің бес карьерінің жай-күйі де халықты алаңдатады.
Өз жұмысын өткен ғасырдың 90-жылдарында аяқтаған карьерлер түгелдей Мұнайлы ауданының аумағында жатыр.
Оларға 2008 жылы «Волковгеология» АҚ күшімен толық зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде уран рудасының (қалыңдығы 80-130 см) жолақтары тереңдігі 60-100 метр карьердің түбінде жатқандықтан, жан-жағына тікелей қауіп жоқ екені анықталды.
Топырақтың уран рудасы орналасқан ең төменгі қабатының ылғалдылығы тұрақты 30%-дан жоғары болғандықтан шаңытпайды. Осыған байланысты радиацияның жан-жаққа тарау қаупі жоқ.
Дегенмен карьердің аумағына мал кірмеу үшін және көлік құралдарының кіруіне шектеу қою үшін ұзындығы 1,1 шақырым ор қазылып, 9 дана арнайы белгілер орнатылды. Қазіргі уақытта мал кірмеу үшін жан-жағының құлаған жерлерін қоршауды және азаматтарды ақпараттандыру мақсатына қосымша орнатылатын белгілер әзірлеуді Мұнайлы ауданының әкімдігі қолға алды.
«Кіші оймаша» көліне экологиялық жағдайы туралы
2013 жылы «Кіші оймаша» көліне экологиялық және гидрогеологиялық зерттеу» ҒЗЖ жүргізілді, нәтижесінде, көлге іргелес аумаққа гидрогеологиялық, жағалау аймағы мен көл суына радиологиялық зерттеулер жасалды. Жер асты суларының көл суларымен өзара байланысын анықтау мақсатында 7 бақылау ұңғымасы бұрғыланды; беткі және жер асты суларына, сондай-ақ түбіндегі шөгінділерге радиалогиялық және химиялық талдаулар жасалды. Сонымен қатар көлдің (судың ауданын, тереңдігін және көлемін) параметрлері; көлді қоректендіретін кішігірім 13 бұлақ анықталды. «Кіші оймаша» көлінің ауданы атмосфералық ылғалға байланысты соңғы жылдары 3,6 га - 5,9 га шегінде өзгеріске ұшырап келеді.
Көлдің жағалау аймағындағы 126 нүкте бойынша радиометрикалық өлшемдердің нәтижесі бойынша гамма сәулесінің қуаттылығы шекті қауіпсіз мөлшерден аспайтындығы анықталды.
«Кіші оймаша» көлінің учаскесі шегінде және оны қоршаған жағалау аймағында белгіленген қауіпсіздік нормасынан асатын иондалған сәулелену көздері анықталмады және осыған байланысты аталған учаскеде санитарлық-қорғау аймағын ұйымдастыру талап етілмейді.
Қазіргі кезде жергілікті «БиоТрейдМаңғыстау» ЖШС осы көлде артемия салина тектес су жәндіктерін өсіруге қызығушылық білдіруде. Аталған көл Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының шекарасында орналасқандықтан инвестициялық кеңесте жобаны талқылап, жер телімдерін инвесторларға рәсімдеу туралы ұсыныс бар.
Тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс
Қазір адамзат алдында тұрған ең басты экологиялық проблемалардың бірі – Жер шарын қалдықтардан арылту мәселесі.
Сондықтан да қатты-тұрмыстық қалдықтарды басқару мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеміз. Қазір өлке халқының 89,9% санитарлық талаптарға сәйкес полигондар бар ірі елді мекендерде қоныстанған. Облыста қалдықтарды бөлектеп жинаумен жеті, өңдеумен бір ЖШС айналысады.
«Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары» есептелді. Осының нәтижесінде «ТҚҚ сақтау, тасымалдау, өңдеу тарифтері» есептеліп, олар аудандық, қалалық мәслихаттардың сессияларында бекітілді. Сондай-ақ өткен жылы «Маңғыстау облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бағдарламасы» жасақталып, облыстық мәслихат сессиясымен бекітіліп, аудан қала әкімдіктері өздеріне тиісті жұмыстарын жасап жатыр.
Атап айтқанда:
2018 жылы 182 323 тонна ТҚҚ полигонға жиналып, оның 22 871 тоннасы немесе 12,5 %-ы қайта кәдеге жаратылды.
Оның ішінде жұмысын 2014 жылдың қыркүйекте бастаған Жаңаөзен қаласындағы қуаттылығы жылына 50 мың тонна қоқыс өңдейтін комбинаты 2018 жылы түскен 41366 тонна ТҚҚ-ның 2 081 тоннасын немесе 5,0 % қайта кәдеге жаратты.
Қазір осы ТҚҚ сұрыптау және қайта өңдеу комбинатының жұмыс жасамай тұрған технологиялық жүйелерін іске қосу үшін «Kazakh Invest» ҰҚ АҚ өңірлік филиалымен бірлесіп инвестиция көздері іздестіріліп жатыр.
Сонымен қатар, облыста қалдықтарды бөлектеп жинау, қайта өңдеумен қазір 6 (алты) мекеме айналысады («IT ProfService» ЖШС, «EcoWeste Aktau» ЖШС, «ЖерАнаГрупп» ЖШС, «Қала жолдары» ЖШС, ЖК «Есимов», «Caspiy Operating» ЖШС ).
ЖК «EcoWeste Aktau» Ақтау қаласы бойынша 3 жерден, «ЖерАнаГрупп» ЖШС 1 жерден қабылдау пунктін және «IT ProfService» ЖШС Мұнайлы ауданы бойынша 1 жерден қабылдау пунктін ашты.
2018 жылы сәуірден бастап «GLOBAL EСOSORT» ЖШС «Көктем» МКК-ның ТҚҚ полигоны учаскесіне тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау желілерін өз қаражаты (74,75 млн.тг. немесе 230 000 $) есебінен орнатып, іске қосты.
Қысқа мерзім ішінде 14 659 тонна қалдықты іріктеді.
Жергілікті бюджетке экспорттың нәтижесінде түскен таза пайдасының 20 пайызын төлейтін болады. (Контракт бойынша 50 000 $)
Сонымен қатар Мұнайлы ауданы Басқұдық елді мекенінің іргесінде орналасқан «АктауТазаҚала» ЖШС қуаттылығы жылына 50 000 тонна қалдықтарды сұрыптау станциясы іске қосылды. Сұрыптау станциясы полигонға көмуге тыйым салынған 8 фракция бойынша қалдықтарды сұрыптауға бағытталған.
Осы жылдан бастап аталған екі станция қала және жақын маңда орналасқан барлық елді мекендердің қоқыс тасмалдайтын компанияларына қызмет көрсетуге мол мүмкіндігі бар, яғни «Көктем» МКК полигонына жылына 120 000 м3 немесе 42,377 тн. ТҚҚ тапсырылса, ал қала іргесіндегі екі сұрыптау станциясы 100 000 тоннаға дейін қалдықтарды сұрыптай алады.
«Актаувторсырье» ЖШС Осы жылдан бастап Мұнайлы ауданы бойынша ТҚҚ жинау, сұрыптау қызметін бастауды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта цех аумағына қалдықтарды сұрыптап, тығыздайтын қондырғылар орнатылып жатыр.
Маңғыстау ауданында ТҚҚ полигонының жанынан қалдықтарды қолмен сұрыптап, тығыздау құрылғысы орнатылды. Биылғы жылдың басынын бастап іске қосылады.
Сонымен қатар, Қарақия ауданы Құрық, Жетібай ТҚҚ полигондарының жанынан қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу бойынша шағын және орта бизнес субъектісіне жер телімдері берілді.
Сондай-ақ, обылыс бойынша ТҚҚ бөлек жинау, сұрыптау станцияларын орнату жүйесін дамыту мақсатында қажетті инфраструктура анықталып, «ӨКМ операторы» ЖШС-не 16.10.2018 жылы № 02-07/4313 шығыс хатымен өтінім берілді. Өтінім бойынша қажетті инфраструктураны орналастыру көзделуде.
2015 жылы Ақтау қаласында жергілікті бюджет есебінен энергоүнемдеуші сынапқұрамды шамдарды жинау мен жою жобасы енгізілді. Бұл жұмыстармен конкурстық негізде жыл сайын «Eco-Operating» ЖШС айналысып келеді. 2018 жылы 65 853 дана сынапқұрамды шам жиналып жойылды. Республикада Астана қаласынан кейін екінші болып Ақтауда сынапқұрамды шамдарды жинау, залалсыздандыру, қайта өңдеу толық жүзеге асып келеді.
Халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру
Өлкенің экологиялық жағдайын жақсарту үшін халыққа экологиялық білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлініп отыр.
Республикада тұңғыш рет орта білім беру мекемелеріне арнап, «Қоршаған орта экологиясы» атты электрондық оқу-әдістемелік құралы мен оқулығы жасақталып, барлық білім беру мекемелеріне таратылды, 158 ұстаз арнаулы курстардан өткізіліп сертификат берілді. Сондай-ақ өткен жылғы 17 ақпанда облыстық білім басқармасымен бірлесіп, «Білім беру мекемелерінде экологиялық білім беруді жетілдіру мәселелері туралы» кеңес өткізілді. Оған 176 ұстаз қатысты.
Тамыз айында білім беру мекемелерінде «Туризм, өлкетану және экологиялық білім беруді жетілдіру туралы» облыстық білім басқармасымен бірлескен бұйрық беріліп, іске асырылып келеді.
Жыл сайын дәстүрлі түрде «Үлгілі ауыл», «Табиғатпен үндес мектеп», «Табиғатпен үндес балабақша», «Жасыл аула», «Бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) экологиялық тақырыптың үздік жарияланымы», т.б. конкурстары өткізіліп келеді.
Аталған конкурстар жеңімпаздарының озық тәжірибелерін ел арасына тарату мақсатында ауыл, аудан, қала, облыс деңгейіндегі әкімдіктер мен құрылымдар басшыларының көшпелі семинар-кеңестері өткізілді. Мысалы, өткен жылы «Өлкемізді өзіміз көркейтеміз!» деген ортақ тақырыппен:
11 мамырда «Табиғатпен үндес мектеп», «Табиғатпен үндес балабақша» конкурстары жеңімпаздарының базасында Облыстық білім басқармасы мен облыстық әдістемелік кабинеттер және аудандық, қалалық білім беру бөлімдері басшыларының көшпелі семинар-кеңесі өткізілді. Онда Экологиялық білім беруді жетілдіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
19 мамырда барлық аудандар мен қалалар әкімдері 2017 жылы «Үлгілі ауыл», «Табиғатпен үндес мектеп», «Жасыл аула» конкурстарының жеңімпаздары болған Таушық, Үштаған ауылдарында және Сайын ауылындағы Еркінәлиев Исламның ауласында болып, елді мекендерде экологиялық жағдайды жақсартудың озық тәжірибелерімен танысты.
27.07.2018 жылы № 1 хаттамаға сәйкес
Жасыл аула конкурсы бойынша - І орын Ақшұқыр ауылы;
ІІ орын Жыңғылды селосы;
ІІІ -орын Баянды ауылы, Құрық ауылы.
Байқауға жақсы дайындықпен қатысқаны үшін «Алғыс хаттарымен»:
Қызылтөбе ауылдық округі, Бейнеу ауылы, С. Шапағатов ауылдары марапатталды.
23.10.2018 жылғы № 3,4 хаттамаларына сәйкес «Табиғатпен үндес мектеп» бойынша
І орын - Бейнеу ауданы Бейнеу орта мектебі;
ІІ орын - Мұнайлы ауданы «Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі»;
ІІІ орын -Мұнайлы ауданы, «№9 жалпы білім беру орта мектебі» алды.
Байқауға жақсы дайындықпен қатысқаны үшін «Алғыс хаттарымен»:
Маңғыстау ауданы, Шетпе мектеп гимназиясы; Жетібай № 4 орта мектебі; Жаңаөзен қаласы, № 10 орта мектебі алғыс хаттарымен марапатталды.
«Табиғатпен үндес балабақша» байқауы бойынша
І орын -Мұнайлы ауданы «№ 9 Бәйтерек» балабақшас;
ІІ орын - Түпқараған ауданы «Айналайын» балабақшасы;
ІІІ орын - Түпқараған ауданы, «Күншуақ» балабақшасы алды. Байқауға жақсы дайындықпен қатысқаны үшін «Алғыс хаттарымен»:
Бейнеу ауданы Болашақ бөбекжайы, Мұнайлы ауданы № 10 Ақбота балабақшасы және Ақтау қаласы №14 Айгөлек балабақшасы алғыс хаттарымен марапатталды.
11.11.2018 жылғы №2 хаттамаға сәйкес «Арнаулы орта оқу орындары студенттері арасында облыстық экологиялық олимпиада» байқауына облыс бойынша 33 үздік колледж студенттері қатысты, оның:
І орын - «Қайнар» колледжі студенті А. Назибекова мен жетекшісі Г. Сейткожаева;
ІІ орын Каспий өңірі «Болашақ» колледжі студенті А. Торғаева мен жетекшісі Ш. Баймукашева;
ІІІ орын - М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау колледжі студенті Е. Кабулов және жетекшісі Ж. Кайпова ІІІ орынын алды.
Байқауға жақсы дайындықпен қатысқаны үшін «Алғыс хаттарымен»:
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі студенті Ы. Есенова, Ақтау есептік-технологиялық колледжі П. Түгелбаева, Каспий өңірі «Болашақ» колледжі студенті М. Балта марапатталды.
24.02.2018 жылғы № 5 хаттамаға сәйкес «Маңғыстау облысының бұқаралық ақпарат құралдарында экологиялық тақырыптың үздік жарияланымы» (Баспасөз құралдарында жарияланған материалдар, Телеарнада жарияланған материалдар)
І орын – К. Избасарова, А. Ашықбаева;
ІІ орын – Ф. Мұңалқызы, М. Мусаев;
ІІІ орын – Н. Окуов, А. Шораева марапатталды.
Байқауға жақсы дайындықпен қатысқаны үшін «Алғыс хаттарымен»: Нұрмағанбет Айман, Ізбасарова Аягөз, Мұқан Жасұлан, Айтман Айсара марапатталды.
26 мамырда Тұщықұдықта барлық аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, Маңғыстау ауданының барлық елді мекендерінің әкімдері, облыстағы орман өсіру мекемелерінің басшылары және орман өсіру жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғалымдары қатысқан көшпелі семинар кеңес өткізілді.
Халық арасында экологиялық білім мен тәрбие беруді жетілдіру мақсатында Басқарма басшылары екі рет пресс-конференция өткізіп, басшылар мен қызметкерлердің қатысуымен 15 рет телехабарлар жүргізілді, облыстық телеарналар мен баспасөз бетінде өлкеде өтіп жатқан экологиялық шаралар туралы бірнеше ондаған материалдар жарияланды.
Экологиялық білім және ағарту жұмыстары одан әрі жалғасын таба береді.