Маңғыстау облысының ауылдық жеріне және Жаңаөзен қаласына, аудандық маңызы бар қаласына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Маңғыстау облысының ауылдық  жеріне және Жаңаөзен қаласына, аудандық маңызы бар қаласына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

        Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Маңғыстау облысының ауылдық жеріне және Жаңаөзен қаласына, аудандық маңызы бар қаласына жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi мен мөлшері осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес айқындалсын.

Әлеуметтік қолдау 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде, бір жолғы төлем түрінде.

  1. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсін.

      Облыстық мәслихаттың  төрағасы

 

 

     

 

 

 

шешіміне қосымша

       

Маңғыстау облысының ауылдық жеріне және Жаңаөзен қаласына,  аудандық маңызы бар қаласына жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi мен мөлшері     

  1. Негiзгi ұғымдар:

      1) әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      2) жұмыс берушi - медицина (фармацевтика) қызметкерiмен еңбек шартын жасасқан тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      3) Маңғыстау облысының ауылдық жеріне және Жаңаөзен қаласына,  аудандық маңызы бар қаласына жұмысқа жiберiлген медицина қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - жоғары медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге және Жаңаөзен қаласына,   аудандық маңызы бар қалаға уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар;

      4) ауылдық жерге және Жаңаөзен қаласына,  аудандық маңызы бар қалаға жұмысқа жіберілген фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - жоғары фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге және Жаңаөзен қаласына,   аудандық маңызы бар қалаға уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар.

  1. Жұмыс берушiмен еңбек шарты жасалғаннан кейін 5 (бес) жылдан кем емес мерзімге ауылдық жерге және Жаңаөзен қаласына, аудандық маңызы бар қалаға жұмысқа жіберілген қызметкер біржолғы төлемге әлеуметтiк қолдау алу құқығына ие болады.

      Осы бес жыл мерзіміне қызметкердiң бала күтуге байланысты еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екi айдан аса еңбекке жарамсыздық кезеңi кiрмейдi.

  1. Қызметкерге әлеуметтiк қолдау көрсету облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен iске асырылады.
  2. Уәкiлеттi орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:

      1) Маңғыстау облысының ауылдық жеріне және Жаңаөзен қаласына,  аудандық маңызы бар қаласына жекелеген мамандықтар бойынша медицина және фармацевтика кадрларына деген сұранысқа жыл сайын талдау жасайды;

       2) медицина және фармацевтика қызметкерлерiнен өтiнiштерiн және олардың бiлiктiлiгiн растайтын құжаттарын қабылдайды;

         3) ауылдық жерге және  Жаңаөзен қаласына,  аудандық маңызы бар қалаға жұмысқа жiберiлген қызметкерлерге әлеуметтiк қолдау көрсету мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi.

  1. Уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша жұмыс берушi қызметкермен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң талаптарына сәйкес еңбек шартын жасайды.
  2. Қызметкер әлеуметтiк қолдау алу үшін уәкiлеттi органға жеке куәлігінің көшірмесін, жоғары білімі туралы дипломының көшірмесін, еңбек кітапшасының көшірмесін, мемлекеттік медицина ұйымына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, 3х4 фото (2 дана) ұсынады.
  3. Уәкілетті органға ұсынылатын өтініш пен құжаттар 30 күнтізбелік күн ішінде қаралады.
  4. Уәкілетті орган, сондай-ақ ауылдық жерде және Жаңаөзен қаласына, аудандық маңызы бар қалада орналасқан бір медицина ұйымынан басқа медициналық ұйымға қызметкерді өндірістік қажеттілікке байланысты еңбек шартында көрсетілмеген және денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін жұмысқа ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, жұмысшының әлеуметтік қолдау алу құқығы сақталады.
  5. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және тәртіппен еңбек шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда, уәкiлеттi орган бұрын аударылған қаражатты қайтару бойынша шаралар қабылдайды.
  6. Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көрсетіледі.
  7. Жұмыс берушi қызметкердiң әлеуметтiк қолдау алу құқығынан айырылған уақыттан бастап 10 күннен кешiктiрмей (жұмысшымен жеке еңбек шартын бұзған жағдайда) бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
  8. Уәкiлеттi орган еңбек шарты жасалған кезден бастап 30 күнтізбелік күн ішінде Маңғыстау облысының ауылдық жеріне және Жаңаөзен қаласына,                             аудандық маңызы бар қаласына жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге көлемінде қаржыландыруды қызметкердің жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырады.
  9. Осы Тәртiп пен мөлшердің орындалуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.



Түсіндірме жазба

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК