Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның Байқау кеңесі Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК директорының бос лауазымына конкурс өткізетіні туралы хабарлайды

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның Байқау кеңесі Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК директорының бос лауазымына конкурс өткізетіні туралы хабарлайды

                                                                                                        Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның Байқау кеңесі Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК директорының бос лауазымына конкурс өткізетіні туралы хабарлайды: 

Конкурс өткізу орны: Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын).

Кәсіпорынның орналасқан орны, пошталық мекенжайы, телефон, электрондық пошта: Маңғыстау облысы, 130000,
Ақтау қаласы, 1 А шағынаудан, 9 ғимарат, жұмыс тел.: 50-78-68, ұялы тел.: 8(701) 404 3681, электрондық пошта - cpz-mangystau@med.mail.kz

Кәсіпорынның  негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

Кәсіпорын қызметінің мақсаты – тұрғындардың психикалық денсаулығын қорғау саласында мамандандырылған медициналық-әлеуметтік көмекке деген қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:

          Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

          Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

          Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

          Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

          Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

          Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.

          Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

          Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

          Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білуі керек:

- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі;

 -Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі;

 - Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі;

-  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу  туралы" заңы;

-  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл туралы" заңы;

-   Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы" заңы;

- қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;

- денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;

- басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;

- медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;

- денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;

- халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;

- отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;

- төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

- "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктер; «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес және құқық" дайындық бағыты бойынша; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы, денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларан құжаттарды қабылдауды бастау және аяқтау күні: құжаттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының, тиісті саланың уәкілетті органының  (жергілікті атқарушы органның) интернет-ресурстарында басылып шыққаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде қабылданады.

Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе бүкіл жұмыс жасаған кезеңінің еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

          Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына (cpz-mangystau@med.mail.kz) құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

Үміткерлердің конкурсқа қатысу бойынша құжаттары Байқау кеңесімен қаралған соң және құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда конкурс үміткері әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылданғаннан кейін келесі жұмыс күні ішінде әңгімелесудің өтетін күні туралы хатшы хабарлайды. Хабарландыру телефон арқылы кандидаттардың электронды мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін Байқау кеңесі оларды әңгімелесуге  жіберу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.

Әңгімелесу мынадай кезеңдерден тұрады:

1) Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы;

2) кандидаттың құзыретін бағалау.

         Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы кезінде кандидат Кәсіпорынның негізгі мәселелеріне талдауды және оларды шешу үшін ұсынылатын шешімдерді ұсынады.

         Құзыреттілікті бақылау кезінде негізгі нормативтік құқықтық актілер, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу бойынша қабылданатын шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.

Конкурстық өтінімнің түпнұсқасы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 1 А шағынаудан, 9 ғимарат, №7 кабинет мекенжай бойынша жіберіледі.