Бейнеу ауданы демографиялық көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарда

Бейнеу ауданы демографиялық көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарда

Бейнеу ауданы демографиялық көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарда

Бейнеу ауданы Маңғыстау облысындағы бала туу көрсеткіші жоғары аудан болып есептеледі. Ауданда 2019 жылы 2015 сәби, 2020 жылы 2160 сәби дүниеге келсе, 2021 жылы 2314 сәби дүние есігін ашқан. Бұл аудандағы ана мен бала денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстардың жанданғанын әрі демографиялық көрсеткіштердің артуын көрсетеді.

-Ауданда әр жыл сайын бала туу көрсеткіші өсіп келеді. Аудан үшін ғана емес республика үшін де демографиямыздың артуы маңызды. Ана мен бала денсаулығын сақтау және оларға көрсетілетін қызметтердің сапасын дамыту мақсатында акушер-гинеколог, учаскелік дәрігерлеріміздің облыс орталығында тәжірибеден өтуін ұйымдастырып отырамыз. 2021 жылы ауданымыз 2 акушер-гинеколог маманмен толықты. Ең бастысы дені сау ұрпақ екенін ескеріп, жаңа туған сәбилерде тұқым қуалайтын ауруларды ерте анықтау үшін ауданға жаңа медициналық аппараттар мен құрал-жабдықтар алынды, - дейді Бейнеу аудандық орталық ауруханының бас дәрігері Берік Абдуллаев.