Ақтауда "SENIM" кәсіподақ ұйымының атынан кәсіби мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті

Ақтауда "SENIM" кәсіподақ ұйымының атынан кәсіби мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті
Кәсіподақ қозғалысына қосқан елеулі үлесі, қоғамдық өмірге белсене қатысқаны және кәсіби мереке - Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күніне орай "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Сәкен Мырзақұлов бір топ ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекемен құттықтады.
 
Жүрекжарды тілегін жеткізген ол "SENIM" Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіптік одағының Орталық Аппаратының төрағасы Сапарбек Дүйсеновтың атынан Құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапаттады.
Атап айтқанда, №3 Жаңаөзен қалалық емханасының директоры Жеңіс Шалхарбаев, Бейнеу орталық аудандық ауруханасының эндокринолог-дәрігері Сәлима Нұрмағамбетова, №1 Ақтау қалалық емханасының сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Александр Минин, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекционист дәрігері Ақмарал Дүйсенбаева, Жетібай ауылдық ауруханасының хирург дәрігері Жамбыл Хасан, №2 Жаңаөзен қалалық емханасының рентген зертханашысы Марияш Абилова, Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының есепшісі Бағила Маханова, облыстық стоматологиялық орталығының дәрігері Айгүл Сұлтанғалиева, №1 Жаңаөзен қалалық емханасының гинеколог дәрігері Сәулем Құлымжанова, Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығының медбикесі Венера Есболатқызы.
Кәсіподақ белсенділері өз кезегінде кәсіподақ қозғалысын одан әрі дамыту үшін аянбай тер төгуге дайын екендіктерін жеткізді. "SENIM "Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық филиалының құрамына облыстағы 24 медициналық ұйым кіреді. Ал филиалдың құрамында 8 мыңнан астам кәсіподақ мүшесі бар. Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!