Маңғыстау өңірінде эпидемиологиялық ахуал күрделі

Маңғыстау өңірінде эпидемиологиялық ахуал күрделі
Соңғы тәулікте бір адам қайтыс болды. Маңғыстауда індет жұқтырған науқастардың саны өсіп жатыр. Бүгін 4.07.2021 ж 186 адамнан коронавирус анықталды.
 
Ауруханаға соңғы тәулікте 41 науқас түскен. Бір адам қауіпті вирустан қайтыс болды. Жалпы облыстағы стационарларда осы диагнозбен 289 адам жатыр. Оның 24-і ауыр, 5-і өте ауыр халде. Айта кету керек, ешқайсысы коронавирусқа қарсы екпе алмаған.
 
Құрметті маңғыстаулықтар, дәрігерлер санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Той, жиын өткізуге тыйым салынады. Былтырғы жағдайдан сабақ алып, қауіптің алдын алайық, ағайын!
 
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі