Қазіргі уақытта Маңғыстау өңірі «сары аймақта»

Қазіргі уақытта Маңғыстау өңірі «сары аймақта»
Маңғыстау облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал бір қалыпты. Қазіргі уақытта өңір «сары аймақта». Алайда босаңсуға болмайды. Эпидемиологиялық жағдай күрт өзгеруі ғажап емес.
 
Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат Есенғалиева мәлімдеді. Оның айтуынша облыста Covid-19 індетін жұқтырғандардың жалпы саны 7743 адамды құрады. Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан күні бүгінге дейін 4043 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
Бүгінгі күнге 7149 адам немесе ауру жұқтырғандардың 91,6% емделіп шықты.Өкінішке орай, вирустан көз жұмғандар саны – 124 адам, оның 47-і жыл басынан қайтыс болды. Соңғы бір тәулікте КВИ жұқтырғандар саны 46 адамды құрады. Денсаулық сақтау нысандары штаттық режимде жұмыс жасауда. Қазіргі таңда тұрғындарға 515 инфекциялық және 60 реанимациялық төсек орындық 10 стационар қызмет көрсетуде.
Аталмыш стационарларда қазіргі уақытта 163 адам ем қабылдауда, оның 58 коронавирус инфекциясынан + болса, 105 адам пневмониядан. 27-і кәмелет жасына толмаған балалар, (2 бала КВИ+, 25 бала пневмония жұқтырғандар). 13 жүкті және босанған әйелдер тағы бар, КВИ + - 4, пневмония - 9. Жалпы төсек орындардың толымдылығы – 32 %, реанимациялық төсек 18 адам немесе 30% құрайды. Ағымдағы жылдың 16-23 маусым аралығында 241 адам ем қабылдап, жазылып шықты (соңғы бір тәулікте 39 адам). Бұдан бөлек Бейнеу ОАА 10 карантиндік стационар,ол жерде бүгінгі таңда адам оқшауланбаған.
Бұған қосымша 2 452 төсек орын, 131 реанимациялық орын , резервте дайын тұр.
Үстіміздегі жылы 16-23 маусым аралығында жедел жәрдем қызметіне 4720 шақырту түскен, оның ішінде КВИ - 39, пневмония - 85. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде 92 мобильдік бригадалар, 53 жедел жәрдем бригадалары бар. Облыстағы жедел-жәрдем автопаркі 100%-ға жаңарды. Медициналық ұйымдар қажетті жабддықтармен толық көлемде қамтылды, атап айтқанда 263 ИВЛ аппараттары, 638 оттегі концентраттары, 928 пульсоксиметр, 162 перфузор, 28 рентген, 4 компьютерлік томография аппараттары бар).
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Екпе жұмыстарын жүргізуге 547 медицина қызметкері аттестациядан өткізіліп, дайындалды. Барлығы облысқа 180600 доза вакцина жеткізілді, оның ішінде: ресейлік «Sputnik V»: I - компонент 90000 доза; II – компоненттен 55100 доза; «QazVac» – 4000 доза; «Хаят» – 31500 доза. Екпе егу күннен бастап облыс бойынша I – компонентпен 51814, II – компонентімен 30095 адам егілді.
Облыста КВИ-ге қарсы вакцинацияға арналған 38 екпе кабинеті, 14 жылжымалы бригада жұмыс жасайды. Атап айтқанда Ақтау қаласында – 17, Жаңаөзен шаһарында – 6, Бейнеу ауданында - 4, Қарақия ауданында - 2, Маңғыстау ауданында - 1, Мұнайлы ауданында - 3, Түпқараған ауданында – 5. Облыс бойынша вакциналарды сақтайтын 25 мұздатқыш, 15 термоконтейнер бар. Сондай-ақ, журналистердің сұрақтарына брифингке қатысқан екінші спикер облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Көркінбаева жауап берді.