МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ «COVID-19» ІНДЕТІНІҢ ТАРАЛУЫ БОЙЫНША «САРЫ АЙМАҚҚА» ЕНДІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ «COVID-19» ІНДЕТІНІҢ ТАРАЛУЫ БОЙЫНША «САРЫ АЙМАҚҚА» ЕНДІ
22 маусым күні Маңғыстау облысы «Сovid-19» індетінің таралуы бойынша «Сары аймаққа» енді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Көркінбаева мәлім етті.
 
Оның айтуынша, өңірде соңғы тәулік бойынша коронавирус инфекциясының 46 жағдайы тіркеліп отыр. Бұл індетті жұқтырғандар санының күрт өскенін байқатады.
 
«Көршілес елдерде де коронавирус инфекциясы жылдам таралуда. Мәселен, Ресейде инфекциялық ауруханаларда палаталардың тапшылығы мәселесі өзекті. Онда эпидемиологиялық ахуал аса күрделі. Ресейлік ғалымдардың айтуынша, қауіпті ауруду жұқтыру деректерінің ең жоғарғы көрсеткіші 30 маусымнан кейін тіркеледі. Сондықтан әрдайым барлық сақтық шараны ұстанған абзал», - деді Гүлнар Көркінбаева.