Ақтаудағы "Sofie Medgroup" медициналық клиникасында денені тілместен наркозсыз бірнеше ота жасалды!

Ақтаудағы "Sofie Medgroup" медициналық клиникасында денені тілместен наркозсыз бірнеше ота жасалды!

Маңғыстау облысында алғаш рет кардио және интервенциялық хирургия орталығы "Sofie Medgroup" клиникасында өткен жылы 28 желтоқсанда ашылған болатын. Жекеменшік клиникада тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет көрсетіледі.

Заманауи техниканың көмегімен жабдықталған орталық өңірде бұрын-соңды болмаған күрделі оталарды жасауға мүмкіндік береді. Елорда мен Алматыдан білікті мамандар арнайы шақыртылды. Бұл ретте ангеографиялық жүйемен жабдықталған заманауи аппарат туралы айта кету керек.

Ерекшелігі сол – осы жерде жасалатын операциялар дәстүрлі емес форматта өтеді. Яғни науқасқа наркоз берілмейді және дене тілігі жасалынбайды. Сонымен қатар жоғары технологиялы жүйе кардиологияық, неврологиялық және тамырлы зертеулерге мол мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы рентген-ангиохирург Қастер Байжанұлы айтып берді.

Жоғары технологиялық жүйе облыс медицинасының мүмкіндігін кеңейтеді. Сонымен қатар шетелдік науқастарды қабылдап, медицина туризмін дамытуға мол мүмкіндік береді. Мәселен, орталыққа Ресейден 10-ға жуық науқас келіп, тиісті ем-домын алған. Медициналық клиниканың рентген-ангиохирург Қастер Байжанұлының айтуынша, операциялардың көлемі мен спектрі өте үлкен.

"Менің жеке бағытым перифериялық интервенция және онкологиялық интервенция. Яғни адам организміндегі кез келген органға қатысты ауруларды емдеуге арналған операциялар. Мысалы, онкологиялық аурулар. Бауырдың, өкпенің онкологиялық ауруларына біз осы малоинвазивті түрде ешқандай разрезсіз, ешқандай кесусіз, ешқандай наркозсыз жасаймыз операцияны. Ол науқастардың жылдам қалпына келуіне жылдам әсер етеді. Біздің операциядан кейін тек иненің ғана ізі қалады", - дейді ол.

"Sofie Medgroup" медициналық клиникасында қызмет көрсетіп тұрған ангиографиялық қондырғының көмегімен ең күрделі саналатын оталарды жасау мүмкін болып отыр. Заманауи аппарат адам денесінде иненің ғана ізін қалдырады. Бұл науқастың тез қалыпқа келіп, аяққа тұру уақытын жеделдетеді. Ангиографиялық жүйенің тағы бір ерекшелігі – жүрек қан тамырларының жұмысын бақылайды. Яғни ашық кардиохирургиялық операция жасау үшін алдымен тамырлардың зақымдалған аймағы анықталып, тиісті жоспары бекітіледі. Осылайша күрделі операцияларды жасау жолы жеңілдейді.

"Науқастың келу себебі жүрегінің ауруы. Ол кісіге біз жоспарлы түрде ангеографиялық аппараттың көмегімен жүрек қан тамырларын тексеру операциясын жасадық. Бұл операция кезінде науқас есінде болды. Жергілікті анестезиямен жасалады. Соның арқасында біз жүрек тамырларынан өзгеріс байқадық. Сол жүрек тамырларын өзгерісін қалыпқа келтіру үшін ары қарай операция жасадық. Жүрек тамырларын кеңейтіп, оның ішіне темір қойдық. Темір дегеніміз «стенд», - дейді рентген-ангиохирург Еділхан Саматов.

Аймаққа арнайы шақыртылған мамандар жыл басынан бері 60-қа жуық оперция жасаған. Айта кету керек, орталықтағы қызметтер облыс тұрғындары үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетіледі.