27 наурыз күні "Сенім" клиникасы онкологиялық аурудың алдын-алу мақсатында "Ашық есік күні" шарасын өткізеді

27 наурыз күні "Сенім" клиникасы онкологиялық аурудың алдын-алу мақсатында "Ашық есік күні" шарасын өткізеді
"Сенім" медициналық клиникасының дәрігер-онкологы Зинелова Салтанат Өмірзаққызы, қала тұрғындарын «Онкологиялық аурудың алдын-алу және ерте анықтау» бойынша 27 наурыз күні сағат 09:00 - 13:00 аралығында өтетін «Ашық есік күніне» шақырады. Бұл күні кез -келген қала тұрғыны жолдамасыз әрі тегін дәрігер-онкологтың қабылдауына болып, тексерістен өте алады.
 
Айта кетейік, "Сенім" медициналық клиникасында онкологиялық диагнозымен 130 адам есепте тұр. Мұндай ауруға көбіне егде жастағы азаматтар шалдығады дейді мамандар. Дәрігерлер сүт безінің қатерлі ісігін анықтау мақсатында медициналық тексеру жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан бойынша онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі қатерлі ісігі бірінші орында тұр. Өлім жағдайын азайтып, науқасқа дер кезінде көмек көрсетудің бірден бір жолы-ерте диагностикалау. Ауруды ерте сатысында анықтау емнің оң нәтижесі мен науқастың сауығып кетуіне зор ықпал етеді.
Сондай-ақ, ауруды ерте сатысында анықтау медицина саласындағы шығындарды үнемдеудің бірден-бір жолы. Осы мақсатта елімізде белгілі жастағы азаматшаларға жылда скринингтік тексеру жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, профилактикалық жұмыстар кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыру бойынша бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.